• Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

    Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

  • КазГосЖенПУ присвоено три звезды QS World University Rankings

    КазГосЖенПУ присвоено три звезды QS World University Rankings

  • International school of education

    International school of education

  • Международная программа Foundation (IFY)

    Международная программа Foundation (IFY)

  • «Интернет-премия EAPU» – 2017

    «Интернет-премия EAPU» – 2017

  • Последние новости
  • СМИ о нас
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Дайджест за неделю: 08.01.18 – 13.01.18

Дайджест за неделю: 08.01.18 – 13.01.18

АЛМАТЫ. 15 январь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

15-01-2018

Подробнее

Дайджест за неделю: 01.01.18 – 06.01.18

Дайджест за неделю: 01.01.18 – 06.01.18

АЛМАТЫ. 8 январь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

08-01-2018

Подробнее

Дайджест за неделю: 25.12.17 – 30.12.17

Дайджест за неделю: 25.12.17 – 30.12.17

АЛМАТЫ. 03 январь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

03-01-2018

Подробнее

Дайджест за неделю: 18.12.17 – 23.12.17

Дайджест за неделю: 18.12.17 – 23.12.17

АЛМАТЫ. 25 декабрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

25-12-2017

Подробнее

Дайджест за неделю: 11.12.17 – 16.12.17

Дайджест за неделю: 11.12.17 – 16.12.17

АЛМАТЫ. 19 декабрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

19-12-2017

Подробнее

Дайджест за неделю: 04.12.17 – 09.12.17

Дайджест за неделю: 04.12.17 – 09.12.17

АЛМАТЫ. 11 декабрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

11-12-2017

Подробнее

Дайджест за неделю: 27.11.17 – 02.12.17

Дайджест за неделю: 27.11.17 – 02.12.17

АЛМАТЫ. 4 декабрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

04-12-2017

Подробнее

Дайджест за неделю: 20.11.17 – 25.11.17

Дайджест за неделю: 20.11.17 – 25.11.17

АЛМАТЫ. 27 ноябрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

27-11-2017

Подробнее

Дайджест за неделю: 13.11.17 – 18.11.17

Дайджест за неделю: 13.11.17 – 18.11.17

АЛМАТЫ. 20 ноябрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

20-11-2017

Подробнее

Дайджест за неделю: 06.11.17 – 11.11.17

Дайджест за неделю: 06.11.17 – 11.11.17

АЛМАТЫ. 13 ноябрь. Media_Ortalyq – Имиджевые публикации о Казахском государственном женском педагогическом университете, вышедшие в республиканских средствах массовой информации с...

13-11-2017

Подробнее

Газета «Қыздар университеті» выходит в новом формате

Газета «Қыздар университеті» выходит в новом формате

АЛМАТЫ. 3 ноября. Media_Ortalyq – с декабря газета Казахского государственного женского педагогического университета «Қыздар университеті» выходит с названием на латинском...

04-11-2017

Подробнее

Руде Зайкеновой - 60 лет

Руде  Зайкеновой  - 60 лет

В стенах Казахского Государственного Женского Педагогического Университета прошел вечер «Ынтызар» посвященный 60 – летнему юбилею Руды Зайкеновны.

17-10-2017

Подробнее

Волейбольный турнир в Казахском государственном женском педагогическом университете

Волейбольный турнир в Казахском государственном женском педагогическом университете

Сегодня в спортивном комплексе Казахского государственного женского педагогического университета был открыт турнир по волейболу среди девушек IX Летней Универсиады среди...

13-10-2017

Подробнее

Учение Абая: духовное возрождение национальной концепции

Учение Абая:  духовное возрождение национальной концепции

На кафедре Казахской литературы, факультета Казахской филологии и мировых языков была проведена неделя поэзии на тему «Учение Абая: духовное возрождение...

06-10-2017

Подробнее

Список обладателей государственных образовательных грантов

Список обладателей государственных образовательных грантов МОН РК 2017

11-08-2017

Подробнее

Ученые университета приняли участие в «ЭКСПО»

Ученые университета приняли участие в «ЭКСПО»

В городе Астана прошел всемирный конгресс «WSEC-2017 для инженеров и ученых». В престижной конференции WSEC, где собираются сильнейшие ученые, приняли...

26-06-2017

Подробнее
Ошибка
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 262

«Білімдіге дүние жарық...» // Шаттық Ерғожина, ҚазМемҚызПУ Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты

«Ана тілі» ұлт газеті

11-бет, №16 (1274), 23-28 сәуір, 2015 жыл / Ұлт боламын десең, ұрпағыңды ойла / http://anatili.kazgazeta.kz/?p=30060

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – елімізге белгілі іргелі оқу орындарының бірі. Университет құрылған күннен бастап ұлттық мәнге ие болған салиқалы білім ордаларының бірі. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезінде – 1944 жылы ашылған бұл бірегей білім ұясының елімізде педагог кадрлар даярлаудағы алатын орны зор.
Өйткені оны осы мерзім ішінде кең-байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен, әсіресе ауылдық жерлерден білімге шөліркеп келген мыңдаған қазақ қыздары бітіріп шықты. Осы жылдарда мұнда ұлтымыздың мақтан тұтар даңқты ғалым ұлдары мен қыздары басшылық жасап, дәрістер оқыды. Оқу ордасы ашылған уақытта білім алу үшін келген қыздарға Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан, Ғарифолла Құрманғалиев, Төлеген Тәжібаев, Ахмет Жұбанов сынды көптеген көрнекті ғалымдар дәріс бергендігін, осы аталған есімдердің өзі Қыздар университетінің ұлт үшін алар орны мен мәртебесін аңғартады.
Республика бойынша арулары­мыздың білім алуына ерекше жағдай жасалған университет ғимараты заманға лайық, кітап қоры өте бай кітапханасын айта кеткен жөн. Бұған қоса, студенттерге арналған жатақхана, студенттер үйі, асхана, спорт зал, тренажерлық зал да бар. Үш мезгіл тегін тамақпен қамтитын да – осы университет. Еліміздің түкпір-түкпірінен келіп осында оқыған арулар біліктілігімен ғана емес, тәрбиелілігімен, инабаттылығымен де көзге түсіп жүр. Көптеген белгілі тұлғалардың да осы білім ордасынан шыққаны біз үшін үлкен мақтаныш. Университетті көп жылдар бойы басқарған қоғам қайраткері Шәмшә Беркімбаева, Парламент депутаты, қазақ тілінің жанашыры Оразгүл Асанғазы, қазақтың ақын қызы Ақұштап Бақтыгерееваның осы білім ордасының түлектері екенін айтатын болсақ, Мәдина Ералиева, Ұлжан Айнақұлова, Тамара Асар, Маржан Арапбаевадай өнер саңлақтарының да осы ұядан түлеп ұшқаны – біз үшін үлкен мәртебе. Ел мақтанышына айналған, әлем чемпионы Майя Манеза да осы білім ордасының түлегі. Мұнда мыңдаған қыз бала білім алып, біліктілігін шыңдайды. Қазақ халқы қыз баласына ерекше көңіл бөлген. Университет басшылығы «Қыз қабағында құт бар» деп маңдайынан қақпай, алақанына аялап, өсірген халықтың жалғасындай, әсемдікті, сұлулықты жақсы көретін қыздардың көңіліне қаяу түспесін деген ниетте жұмыстар атқарып отыр.
«Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім – жанып тұрған шырақ» деген сөз бар. Өйткені білімді жастар – болашақтың тізгінін ұстайтын жарқын келешектің иелері. Білім мұхитын кешіп, нәрлісін, маңыздысын бойға сіңіру еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес екені анық. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп». Осы бағытта аянбай еңбек етіп, әр шәкіртін алдына қойған мақсатына жетектеп, зердесіне ақыл қосып, жарқын болашағына бағыт-бағдар сілтеп, нағыз дос, қамқоршы бола білген Қыздар университетінің ұстаздар алқасы білікті білімді мамандардан құ­ралған. Білім ордасының бүгінгі басшысы Динар Жүсіпәліқызы Нөкетаева да білікті де білімді ма­ман тәрбиелеу қарашаңы­рақ­тың басты міндеті екенін айтады.
Бүгінде мұнда студенттердің сапалы білім алып, ғылыммен, өнермен, спортпен айналысуы үшін, олардың бойында халқымыздың ұлттық құндылықтарын дарыту орайында көп жұмыстар жасалынып жатыр. Қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбиелеу мақсатында университет жанынан «Қыз Жібек» клубы ашылды. Бұл клуб қазақ қыздарына сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, саламатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстанудың және болашақ ұлт анасы ретінде отбасы өміріне даярлау мен үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттіліктерді үйретеді. Онда белгілі қайраткерлермен түрлі кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге білім ошағында ұлтжанды, парасатты, шынайы қазақ аруының бейнесін қалыптастыру мақсатында жыл сайын «Қазақ Аруы» арнайы инновациялық курсы жүргізіледі. «Айгүл» ансамблі мен «Томирис» би ансамблінде өнер көрсететін арулар да барша жұртты өнерлерімен тамсандырып жүр.
Университеттегі «Ақтұмар» тарихи-этнографиялық музейінің алар орны бөлек. Ол 2002 жылдың қараша айын­да ашылды. Музей Ұлы даладағы Ұлы ананың рөлін көрсетуді мақсат еткен. Қазақ әйелінің көне заманнан қазірге дейінгі тыныс-тіршілігі баяндалады. Онда «Аналар ұлағаты – елге аманат», «Университет тарихы», «Әйел әлемі», «Әйелдер шығармашылығы», «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» атты бөлімдер бар. Сондай-ақ музей көрмесінде университетті әр жылдары бітірген түлектердің өмірдеректері, университет тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін суреттер, деректі кино, бейнематериалдар жинақталған, танымал түлектердің еңбектері қойылған. 1-курс студенттері қалыптасқан дәстүр бойын­ша оқу жылын «Ақтұмар» музейімен танысудан бастайды.
Болашақ ұстаздарды даярлайтын бұл оқу орнына білім сынағынан өтіп, оқуға түскен әр қазақ қызының кеудесіне қуаныш ұялап, еңсесін тік көтеріп, өз-өзіне сенімді жүруіне үлкен негіз бар. Сапалы білім алған әрбір жастың шығармашылығының табыс­ты, маман­дығының мақтанышы, бо­лашағының жарқын болатынына сенім білдіреміз.

Шаттық ЕРҒОЖИНА,
ҚазМемҚызПУ Тіл теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,
педагогика ғылымының кандидаты