• Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

    Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания

  • КазГосЖенПУ присвоено три звезды QS World University Rankings

    КазГосЖенПУ присвоено три звезды QS World University Rankings

  • International school of education

    International school of education

  • Международная программа Foundation (IFY)

    Международная программа Foundation (IFY)

  • «Интернет-премия EAPU» – 2017

    «Интернет-премия EAPU» – 2017

  • Последние новости
  • СМИ о нас
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4

Руде Зайкеновой - 60 лет

Руде  Зайкеновой  - 60 лет

В стенах Казахского Государственного Женского Педагогического Университета прошел вечер «Ынтызар» посвященный 60 – летнему юбилею Руды Зайкеновны.

17-10-2017

Подробнее

Волейбольный турнир в Казахском государственном женском педагогическом университете

Волейбольный турнир в Казахском государственном женском педагогическом университете

Сегодня в спортивном комплексе Казахского государственного женского педагогического университета был открыт турнир по волейболу среди девушек IX Летней Универсиады среди...

13-10-2017

Подробнее

Учение Абая: духовное возрождение национальной концепции

Учение Абая:  духовное возрождение национальной концепции

На кафедре Казахской литературы, факультета Казахской филологии и мировых языков была проведена неделя поэзии на тему «Учение Абая: духовное возрождение...

06-10-2017

Подробнее

Список обладателей государственных образовательных грантов

Список обладателей государственных образовательных грантов МОН РК 2017

11-08-2017

Подробнее

Ученые университета приняли участие в «ЭКСПО»

Ученые университета приняли участие в «ЭКСПО»

В городе Астана прошел всемирный конгресс «WSEC-2017 для инженеров и ученых». В престижной конференции WSEC, где собираются сильнейшие ученые, приняли...

26-06-2017

Подробнее

Турсын Аян –призер чемпионата Азии по смешанным единоборствам!

 Турсын Аян –призер чемпионата Азии по смешанным единоборствам!

Накануне в Сингапуре (ММА) на чемпионате Азии среди любителей по смешанным единоборствам студент Казахского государственного женского университета Турсын Аян стала...

27-06-2017

Подробнее

КазГосЖенПУ выпустил бакалавров

КазГосЖенПУ выпустил бакалавров

Один из ведущих отечественных образовательных учреждении, которое готовит будущих учителей, Казахский государственный женский педагогический университет пополнил молодыми специалистами ряды сотрудников...

05-07-2017

Подробнее

Динар Нукетаева – депутат Сената

Динар Нукетаева – депутат Сената

Сегодня, на очередном собрании научного совета Казахского государственного женского педагогического университета ректора ВУЗа Динар Нукетаева получила звание «Почетного профессора» университета.

03-07-2017

Подробнее

В издательстве университета вышла в свет книга «Абайтану»

В издательстве университета вышла в свет  книга «Абайтану»

Учитель Казахского государственного женского педагогического университета, обладатель звания лучший преподаватель высшего учебного заведения РК, обладатель нагрудного знака имени Ы.Алтынсарина, доктор...

29-05-2017

Подробнее

Парасатты НЛО – лучшая организация года

Парасатты НЛО –  лучшая организация года

В рамках развития Молодежной политики университета и 25-летия государственных символов Республики Казахстан, и выставки «EXPO 2017», проходит конкурс «Жылдың үздік...

23-05-2017

Подробнее

Сокровенные отрывки произведении Зейнеп Ахметовой

Сокровенные отрывки произведении Зейнеп Ахметовой

11 Мая в городе Алматы в библиотеке имени А.П.Чехова, прошла встреча студентов КазГосЖенПУ с писателем, этнографом, автором книг «Шуақты күндер»...

22-05-2017

Подробнее

Вышел в свет сборник поэта Асель Оспан

Вышел в свет сборник поэта Асель Оспан

В Казахском государственном женском педагогическом университете 19 мая сотрудник Научной библиотеки, поэт Асель Оспан провела презентацию книги «Ұшқан ұя». Творческий...

19-05-2017

Подробнее

Социально-гуманитарный факультет обсудил статью Президента

Социально-гуманитарный факультет обсудил статью Президента

17 мая в Казахском государственном женском педагогическом университете социально-гуманитарный факультет обсудил и рассмотрел в экономическом плане статью Н.А. Назарбаева «Болашаққа...

18-05-2017

Подробнее

На базе Центра повышения квалификации был проведен обучающий курс

На базе Центра повышения квалификации был проведен  обучающий курс

В период с 22 мая по 2 июня в Казахском женском педагогическом университете на базе Центра повышения квалификации был организован...

03-06-2017

Подробнее

Прошла акция «Чистая сессия»

Прошла акция «Чистая сессия»

В Казахском государственном женском педагогическом университете 11 мая Студенческий Омбудсмен совместно с организациями «Альянс Студентов Казахстана», «Жас Отан», с помощниками...

12-05-2017

Подробнее

Студенты с международными дипломами вернулись в страну

Студенты с международными дипломами вернулись в страну

В Казахском государственном женском педагогическом университете приятная новость! В рамках программы академической мобильности университета, наши девушки вернулись с дипломом зарубежных...

08-05-2017

Подробнее

Ө.Байділдаев атындағы патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары анықталды

«Massaget.kz» порталы

24 сәуір, 16:14 / Байқау / http://massaget.kz/layfstayl/madeniet/27884/

23 сәуір күні Қыздар университетінде белгілі музыкатанушы, композитор, профессор Өмірбек Байділдаев атындағы V қалалық «Туған ел» патриоттық әндер байқауы өтті. Бұл туралы «Қыздар университеті» медиа орталығы хабарлады.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетіне қарасты мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен өткен V қалалық ән байқауына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері мен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің және т.б. оқу орындарының студенттері қатысып, бақтарын сынады. Байқауға ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет, Парасат орденінің иегері Майра Ілиясова бастаған өнер саласының қайраткерлері қазылық жасады. Қазылар алқасының құрамында сонымен қатар Өмірбек Байділдаевтың туған інісінің ұлы, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кескіндеме және мүсін» факультетінің деканы, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бауыржан Байділда болды.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы Мәдени-бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Дана Қарамолдаеваның айтуынша, байқауға қатысуға 30-дан аса жас әнші ниет білдірген. «Ақтық сынға оның 17-і ғана өтті. Университетіміздің құрметті ұстазы Галина Жұмабекқызының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан байқау биыл бесінші рет өткізіліп отыр. Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатымыз - еліміздің музыка мәдениетінде өзіне тән қолтаңбасымен дараланған кесек тұлғалы композитор, білімді ұстаз, сонымен қатар, зерделі музыка зерттеушісінің шығармашылығы мен әндерін насихаттау және жас талантты әншілердің қолдау, жолдарын ашу», - деді Д.Қарамолдаева.

Қалалық деңгейде өткен байқауды Ректор аппаратының жетекшісі Санат Айнақұлов салтанатты түрде ашты. Алғы сөзінде С.Айнақұлов: «Өмірін өнерімен өрнектей білген Өмірбек Байділдаев біздің оқу орынның Музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сол жылдары музыка мәдениетінің тарихы мен теориясын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып, көптеген әндерімен баға жетпес мұра қалдырды. Оның халық арасында кең тараған «Туған ел», «Қазақстан салтанаты», «Алматым - астанам», «Қимаймын сені», «Ауыл кеші», «Май жыры», «Қыз бен жігіт айтысы», «Жаңа жыл кешінде», «Сұлу екен Алматының қыздары» және т.б сәтті туындылары – Қазақ саз өнерінің қорына қосылған өзіндік мол мұра. Бұл байқау жастарды отансүйгіштікке баулып, туған тіл мен өнерге қызығушылықтарын арттырары сөзсіз», деп атап өтіп қатысушыларға сәттілік тіледі және шараға арнайы қонақ болып келген Өмірбек Байділдаевтың жұбайы Қамила Байділдаеваны оқу орынның мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалімен марапаттады.

Үлкен дайындықпен келгенін көрсеткен қатысушылар талап бойынша 2 әннен айтты. Бірінші ән Өмірбек Байділдаевтың шығармашылығынан алынса, екінші ән өз таңдауы бойынша патриоттық тақырыпқа арналды. Үміткерлер әндерді шынайы, табиғи дауыспен, аспаптардың сүйемелдеуімен орындады. Кеш осымен ерекше болды. Үш сағатқа созылған байқауда Байділдаев әндерімен қатар, әр қазаққа ыстық «Атамекен», «Туған ел», «Өз елім менің», «Туған жер» сияқты көптеген патриоттық әндер шырқалды.

Байқау қорытындысы бойынша ән доданың Бас жүлдесіне Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ІІІ курс студенті Мейрамбек Таганов ие болды. І орынды Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының екі бірдей студенті - «Эстрада-вокал» мамандығының 1 курс студенті Азамат Амангелдіұлы, «Музыкалық драма әртісі» мамандығының 3 курс студенті Айдар Ақыпбаев және П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Академиялық ән салу» бөлімінің 4 курс студентіМейірбек Балнұр иеленді. Атап өтейік, бас жүлделерді алған жеңімпаздардың барлығы «Бас жүлдеге» лайық болды. Сондықтан қазылар алқасы үшеуіне бірдей бірінші орынды берді. Төрт үздік орындаушы сонымен қатар, Майра Ілиясованың «Сағындырған әндер-ай» концертіне қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жолдама жас әншілердің үлкен сахнаға шығуына, бақтарын сынауға, танымал әнші болуға септігін тигізері сөзсіз.

ІІ орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» мамандығының 2 курс студенті Оралғазина Гүлім мен Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Эстрада вокалы» мамандығының 2 курс студенті Ақиқат Ержанат өзара бөлісті. ІІІ орын Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінің «Эстрада вокалы» мамандығының 1 курс студенті Ғабидоллаева Айсана мен П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің «Академиялық ән салу» бөлімінің 4 курс студенті Баймұратов Нұрсұлтанға бұйырды.

Бұдан өзге «Әсем дауыс», «Көрермен көзайымы», «Патриоттық әнді үздік орындаушы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. «Патриоттық әнді үздік орындаушы» аталымына Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Зауатбек Асхат пен Қосыбай Мұхтар лайық деп танылса, «Көрермен көзайымы» аталымына Қыздар университетінің студенті «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының 2 курс студенті Бақыт Байымбетова, «Әсем дауыс» атағына Қыздар университетінің студенті «Музыкалық білім» мамандығының 3 курс студенті Күнімқыз Шералиева ие болды.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Аталмыш шара соңында сонымен қатар, байқауға демеушілік көрсеткен Өмірбек Байділдаевтың шәкірті Гүлнар ЧимбаеваРектордың Алғыс хатымен марапатталды.

Мәдениетіміздің мақтанышына айналған Өмірбек Байділдаевтың шығармашылығы мәңгілік. Композитордың халық мұрасынан бастау алған әндері мен күйлері – бүгінгі ұрпақ үшін де, келешек ұрпақ үшін де сарқылмайтын мол рухани қазына болып қала бермек.

Өмірбек Байділдаев 1932 жылы, 10 мамырда Жамбыл облысының, Қордай ауданындағы «Күнбатыс» деген жасыл желекті, көрікті ауылда дүниеге келген. 1954 жылы Қазақстанның халық әртісі Р.Омаровтың домбыра сыныбы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1954-1965 жылдары Қазақ ҚСР-і телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің музыка редакциясының редакторы, бас редакторы және көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған.

1967-1997 жылдары Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетінде, Музыка теориясы және тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент, профессор қызметтерін атқарды. Білікті ұстаз, тәлімді тәрбиеші болған Ө.Байділдаев педагог кадрлар даярлауда да өнегелі жұмыстар жасады. Оған осы еңбегі үшін профессор атағы берілді. 1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Өмірбек Байділдаев ғылыми-педагогикалық салада профессор атағына ие болса, қаламгерлік жолда – Журналистер одағына мүшесі, ал, сазгерлік салада – Композиторлар Одағына мүшесі болып жемісті жұмыстар атқарды.

Сурет: Қыздар университеті