Шақыру хат

Құрметті …………..!
        Сізді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2018 жылы қазан айының 11-13 аралығында өтетін «V Түркі әлемі зерттеулері» симпозиумының қадірлі қонағы болуға шақырамыз.
        Симпозиумның мақсаты –  түркі дүниесіне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылым салаларының  озық жетістіктерін талқылау, жаһандану жағдайында заманауи білім беру мен жаңашыл педагог мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерін  қарастыру,  тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашу.
       Түркі әлемінде зерттеу жасап жүрген ғалымдардың басын қосатын бұл симпозиум түркі әлемінің өзекті мәселелерінің жан-жақты зерттеліп, ғылым әлемінде жаңа ғылыми тұжырымдар мен ой-пікір алмасу мүмкіндігін туғызады деген үміттеміз.
         Сіздің жұмыстарыңызға толағай табыстар тілей отырып,  «V Түркі әлемі зерттеулері» симпозиумына  асыға күтеміз.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінің
ректоры, профессор                                          Г.Т.Алдамбергенова