Симпозиум тарихынан

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫНЫҢ ТАРИХЫ
Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумының мақсаты –  әлемдегі ғылым, білім саласында түркі әлеміне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдар мен білім адамдарының басын қосып, ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашып, түркі әлемі әдебиеттерінің сапалы түрде кеңеюін қамтамасыз ету. Симпозиумда түркі әлемінің өзекті мәселелері педагогика, тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар, экономика, философия, әлеуметтану, гендерлік т.б. мәселелер және жаратылыстану ғылымдары секілді салаларда пікір алмасып, келешекте түркі әлемінде ортақ  жобалардың жүзеге асуы көзделеді. Симпозиум мәдени іс-шаралармен  түбі бір түрік халықтарының бір-бірімен бас қосуына, қарым-қатынастарының нығаюына себеп болып, әлемде бейбітшілік пен тыныштықтықтың қамтамасыз етілуін мақсат етеді.
Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумының тұсаукесері Түркия Республикасындағы Нийде университеті, (қазіргі атауы – Омер Халисдемир) Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен М.Акмулла Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университтеттерінің (Ресей) ұйымдастыруымен 2014 жылдың 18-21 наурыз аралығында Омер Халисдемир университетінде, (бұрынғы атауы – Нийде  университеті) Нийде қаласында өткен болатын. Симпозиумға 18 елден барлығы 356 баяндама жасалды.

 

ІІ Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы аталған университеттермен бірлесе отырып, 2015 жылдың 20-22 мамыр аралығында Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен болатын. Симпозиумға 12 елден 300 баяндама жасалды.

 

ІІІ Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы жоғарыда аталған университеттермен бірге жаңадан Баку Еуразия университеті (Әзірбайжан, Баку қ.,) Юнус Әмре институтының қолдауымен 2016 жылдың 25-27 мамыр аралығында Баку қаласы, Баку Еуразия университетінде өткен болатын. Симпозиумға 13 мемлекеттен, 700 қатысушы ниет білдіріп, олардың ішінен 413 баяндама ұсынылды.
S3-19
S3-19
Aperture: 5.6Camera: NIKON D3300Iso: 2800Orientation: 1
« 1 of 13 »

 

IV Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы 2017 жылдың 26-28 сәуір аралығында Түркия Республикасы Нийде қаласында Омер Халисдемир университеті (Нийде қ.,Түркия), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Баку Еуразия университеттерінің (Баку қ.,Әзірбайжан) ұйымдастыруымен өтті. Симпозиумға 15 мемлекеттен барлығы 450 баяндама ұсынылды.
2014 жылдан бастап, симпозиум бағдарламасына дәстүрлі түрде ұйымдастырушы университеттердің студентері тарапынан «Түбіміз бір Түрікпіз» фестивалі ұйымдастырылып келеді. Түркі әлемінің мәдениетін тоғыстыратын фестивальмен қоса ұйымдастырушы мемлекеттің мәдени- тарихи жерлеріне саяхат жасалды.