Симпозиумға шақыру

V ТҮРКІ ӘЛЕМІ ЗЕРТТЕУЛЕРІ СИМПОЗИУМЫ
(11-13 ҚАЗАН, 2018 ЖЫЛ)

Қазақстан Республикасының «Мәңгілік Ел» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» миссиясы Еуразия жағрафиясындағы түркі халықтарының Қазақстанды ата жұрты ретінде қабылдауға және тарихы тереңге созылған ұлттық мәдениеттің сақталуын, заманауи ғылыми әдістердің дамуын және қолданылуын мақсат тұтуда. V Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері симпозиумы да Қазақстандағы осы миссияға үлесін қосып, бір жағынан түркі халықтарының өткені мен бүгіні туралы әртүрлі ғылыми салаларда зерттеу жасап жүрген ғалымдарды бір арнаға тоғыстырып, әртүрлі зерттеулер мен пікірлердің жүзеге асуын  қамтамасыз етуде.

Жаңа ғасыр Еуразия кеңістігінде саяси үлкен өзгеріспен басталып, түбі бір түркі мемлекеттері тәуелсіздіктерін алды. Бұл саяси өзгеріс, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жағынан жаңа бір саяси географияның пайда болуына себеп болды. Ғылым әлемі бұл елдер жайында көптеген зерттеу жұмыстарымен айналысып, көптеген салада жаңа еңбектерді жүзеге асырған.

Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумының мақсаты- түркі дүниесіне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылым салаларының  озық жетістіктерін талқылау, жаһандану жағдайында заманауи білім беру мен жаңашыл педагог мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерін  қарастыру,  тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашу және түркі әлеміне қатысты академиялық әдебиеттің сапалы түрде дамуына ықпал ету.

Симпозиум алғаш рет 2014 жылы Түркия Республикасының Нийде университетінде бастау алған болатын. ІІ Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы 2015 жылы Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде, ІІІ Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы 2016 жылы Баку Еуразия университетінде Баку қаласында, IV Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы 2017 Нийде қаласында Өмер Халисдемир университетінде өткізілген. V Халықаралық Түркі Әлемі Зерттеулері Симпозиумы 2018 жылдың 11-13 қазан аралығында Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткізіледі.

Симпозиумда түркі әлемінің өзекті мәселелері педагогика, тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар, экономика, философия, әлеуметтану, гендерлік т.б. мәселелер және жаратылыстану ғылымдары секілді салалар бойынша пікір алмасып, келешекте түркі әлемінде ортақ  жобалардың жүзеге асуы көзделеді. Түркі әлемінде зерттеу жасап жүрген ғалымдармен зерттеушілердің басын қосатын бұл симпозиум түркі әлемінің өзекті мәселелерінің жан-жақты зерттеліп, ғылым әлемінде жаңа ғылыми тұжырымдар мен ой-пікір алмасу мүмкіндігін туғызады деген үміттеміз.

Бұл ғылыми симпозиум мәдени іс-шаралармен , түбі бір түрік халықтарының бір-бірімен бас қосуына, қарым-қатынастарының нығаюына себеп болып, әлемде бейбітшілік пен тыныштықтықтың қамтамасыз етілуін  мақсат етеді.