Симпозиумға қатысу талаптары

  1. Симпозиумға толық мақала мәтінімен тіркелесіз.
  2. Мақала 2018 жылдың 30 тамызына дейін жіберілуі қажет. Бұл күннен кеш келген  мақалалар қабылданбайды.
  3. Симпозиумның тілі түркі тілдерінде болғандықтан, басқа тілде жазылған мақалалар қабылданбайды.
  4. Мақала мәтіні мақаланы рәсімдеу талаптарына сәйкес дайындалуы қажет. Талаптарға сай емес мақала қабылданбайды.
  5. Бір автор екі мақалаға дейін жаза алады.
  6. Мақаланың мәтінімен бірге автор тіркелу формасын да толтырып жіберуі қажет.
  7. Мақала және тіркелу формасы мына адреске жіберілуі қажет: tudas2018@ohu.edu.tr.
  8. Мақаланы жіберу барысындағы болатын олқылықтарға автордың өзі жауапты.
  9. Симпозиумға қатысушылардың барлық шығындары өздеріне тиесілі. (көлік, қонақ үй)
  10. Қатысу жарнасы 40$ (қырық доллар) құрайды. (Caяхaтқа қатысушылар қосымша 10$ төлем жасаулары қажет). Қазақстандық және шет ел(Түркиядан өзге) қатысушылары қатысу жарнасын Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне төлейді.
  11. Әзірбайжаннан қатысатындар Баку Еуразия университетіне, Түркиядан және басқа елден қатысушылар Нийде Өмер Халисдемир университетінің ұйымдастыру комитеті тарапынан жарияланатын банк есепшотына жіберулері қажет. Қатысу жарнасына қатысты толық ақпаратты жақын күндерде симпозиум сайтынан көре аласыздар.
  12. Симпозиумға қатысып, баяндaмa жасалмаған жағдайда қатысу сертификаты берілмейді.
  13. Мақала мәтінінің жауапкершілігі авторға тиесілі.