Ақпараттық хат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
 
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
 
Құрметті әріптестер !
  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен  Өмер Халисдемир университеті (Нийде, Түркия Республикасы), Еуразия университетімен (Баку,Әзірбайжан Республикасы) бірлескен V Халықаралық түркі әлемі зерттеулері  симпозиумы өтеді.
     Өткізілу уақыты: 11-13 қазан, 2018 жыл.
Өткізілу орны: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.
   Симпозиумның ресми сайты: http://kazmkpu.kz/symposium/
 Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының мақсаты –  әлемдегі ғылым, білім саласында түркі әлеміне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдар мен зертеушілердің басын қосып, ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашып, түркі әлемі әдебиеттерінің сапалы түрде кеңеюін қамтамасыз ету. Симпозиумда түркі әлемінің өзекті мәселелері педагогика, тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, халықаралық қатынастар, экономика, философия, әлеуметтану, гендерлік т.б. мәселелер және жаратылыстану ғылымдары бойынша пікір алмасып, келешекте түркі әлемінде ортақ  жобалардың жүзеге асуы көзделеді. Симпозиум мәдени іс-шаралармен  түбі бір түрік халықтарының бір-бірімен бас қосуына, қарым-қатынастарының нығаюына себеп болып, әлемде бейбітшілік пен тыныштықтықтың қамтамасыз етілуін мақсат етеді.
Симпозиумның негізгі бағыттары:
  1. Жаһандық бәсекеге қабілетті филолог маман даярлаудың қазақстандық және әлемдік тәжірибесі.
  2. Рухани жаңғыру: әдебиет арқылы ұлттық сананы кемелдендіру.
  3. Жаһандық білім беру жүйесі: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді жаңаша оқыту әдістемесі.
  4. Латын графикасы: тарихы, теориясы және оқыту әдістемесі.
  5. Түркі қауымы: тарихы мен мәдениеті.
  6. Қазіргі замандағы білім беру үрдісінің ұлттық және халықаралық даму тенденциясы.
  7. Түркі тілдес мемлекеттердегі гендерлік білім берудің өзекті мәселелері.
  Симпозиумның ресми тілдері: түркі тілдері
Қатысушыларды тіркеу Акт залының фойесінде өтеді. Гоголь көшесі, 114.
Мақалаларды симпозиум сайтында келтірілген ережеге сай 2018 жылдың 15 тамызына  дейін келесі электронды почтаға қабылдайды: tudas2018@ohu.edu.tr
Симпозиумға қатысты мәселелерді арнайы сайттан білуге болады:
Қызмет телефондары: +7(727) 279-52-07; ішкі тел.:, 4544.  Ұялы.телефон:
 Симпозиум  жарнасы қазақстандықтар үшін – 5000 теңге, шет елдерден қатысатындар үшін – 40 $ (10 $ -саяхат үшін)