Демеушілерге хат

Құрметті  демеуші …!

        Сізді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасы аясында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2018 жылы қараша айының 11-13 аралығында өтетін «V Түркі әлемі зерттеулері» симпозиумына шақырамыз.

Симпозиумның мақсаты –  түркі дүниесіне қатысты зерттеулер жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылым салаларының  озық жетістіктерін талқылау, жаһандану жағдайында заманауи білім беру мен жаңашыл педагог мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерін  қарастыру,  тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашу.

Құрметті …

Симпозиум жұмысының сәтті өтуіне Сіз де өз үлесіңізді қоса аласыз. Сіздің демеушілік көрсеткен игі ісіңіз бүкіл түркі халқының рухани дамуына тың серпіліс береді.

Түркі әлемінде зерттеу жасап жүрген ғалымдардың басын қосатын бұл симпозиум түркі әлемінің өзекті мәселелерінің жан-жақты зерттеліп, ғылым әлемінде жаңа ғылыми тұжырымдар мен ой-пікір алмасу мүмкіндігін туғызады деген үміттеміз.

    Құрметті …

Алдағы уақытта жұмыстарыңызға толағай табыстар тілей отырып, Сізді симпозиумда көруге асыға күтеміз