QyzPU-да докторанттардың тағы бір легіне дипломдар табысталды



    • QyzPU-да докторанттардың  тағы  бір легіне  дипломдар табысталды

      АЛМАТЫ. 4 мамыр. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Апта жағымды  жаңалықпен  басталды! QyzPU жанынан құрылған «Химия», «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестен философия докторы (PhD)  дәрежесін алу бойынша докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шыққан ізденушілердің  тағы  бір легіне   диплом табысталды.

      Секерова Толғанай Маратқызы  «6Д011300 - Биология» мамандығы  бойынша Философия докторы (PhD) дәрежесін алса,  Досжанова  Күлжанат Әділханқызына  «6Д06060 – Химия» мамандығы PhD докторы атанды.  

      Салтанатты жиынға диссертациялық кеңес төрағалары: химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаев, PhD, қауымдастырылған  профессор Анар Қалиева,  сонымен  қатар бір топ  ғылыми кеңес өкілдері  қатысып, диссертацияларын сәтті қорғаған диплом иегерлеріне алдағы ғылыми жолдарына табыс тіледі.

      Ғалымдарға   PhD дипломын QyzPU-дың Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі  проректоры  Жұмақұлов  Закир Даниярұлы  өз өз қолымен табыстап, құттықтады.

      Барша РhD диплом иегерлеріне ғылым жолында жеткен жетістіктеріне табыс тілеп, университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: