«Қазақстандағы гендерлік зерттеулерге шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті



    • «Қазақстандағы гендерлік зерттеулерге шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

      АЛМАТЫ. 05 МАМЫР. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жанындағы Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер Ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы гендерлік зерттеулерге шолу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

      Дөңгелек үстелге Қазақстандық және шетелдік ғалымдар, сонымен қатар Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер Ғылыми-зерттеу институтының серіктестіктері қатысты. Дөңгелек үстел ЮНЕСКО-ның Алматы кластерлік бюросының білім беру бағдарламасының ұлттық маманы Алпысбаева Мейргуль, және Роза Люксембург Қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің Жоба үйлестірушісі Черных Иринаның құттықтау сөздерімен басталды. Іс-шара барысында бірнеше жүргізілген жобалардың нәтижелері көрсетілді. Солардың ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Жарқынбаева Роза Сейдалиевнаның «Ұлы Отан соғысының гендерлік аспектілері» атты монографиясы және ғылыми баспа бөлімінің басшысы, ҚазҰҚПУ «Хабаршысы» бас редакторының орынбасары Шакирова Светлана Махмутовна «Соңғы 7 жылдағы Қазақстандағы гендерлік және әйелдер тақырыбындағы ғылыми жарияланымдарға шолу» атты аналитикалық есебі, Лион Университетінің профессоры Лоран Тэн (Laurence Tain) «Gender approaches: stakes in the global society (about the links between national and transnational factors)» және Бухарест Университетінің профессоры Ионела Балутаның (Ionela Baluta) «Doing gender studies at the University of Bucharest: from a difficult institutionalization to anti-gender campaign» атты баяндамалары тыңдалды.

      Ғылыми жобалардың, гендерлік зерттеулер бойынша конференция өткізу аясында ғалымдармен және серіктес ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық жоспарлануда.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: