QyzPU қос дипломды бағдарламасының шекарасы кеңейтілді



    • QyzPU қос дипломды бағдарламасының шекарасы кеңейтілді

      АЛМАТЫ. 13 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU студенттеріне оқуға, тәжірибе алмасуға арналған мүмкіндік беретін университеттер қатары Гонконг білім беру университетімен толықты.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректор Гүлмира Қанай Гонконг білім беру университеті өкілдерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесу нәтижесі бойынша екі университет қос дипломды магистратура бағдарламалары бойынша бірігіп жұмыс жасауға келісті.

      Айта кету керек, Гонконг білім беру университеті (EdUHK) QS World University рейтингінде Білім саласында әлемде 9-шы, Азияда 2-ші орында.

      Бұл қадам Университет студенттеріне халықаралық стандартқа сай маман болып қалыптасуына ықпал ететініне сенімдіміз.

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: