Тәжікстан университетінің өкілдері QyzPU-да қонақта



    • Тәжікстан университетінің өкілдері QyzPU-да қонақта

      АЛМАТЫ. 12 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Орталық Азия елдері ректорларының Форумы аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Тәжік ұлттық университетінің басшылығын қабылдады. 

      Университеттің Басқарма  Төрағасы — Ректор Гүлмира Қанай Тәжік  университетінің  Ректоры  Хушвахтзода Кобилждон Хушвахт бір топ өкілдерін университеттің ішкі құрылымымен таныстырып, екі тарап арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікір алмасты.

      Бүгінде  біздің   университетте   Тәжікстаннан келген студенттер білім алуда. Дегенмен  студенттер легі  аз болғандықтан, осы олқылықтың  орнын толтыру  мақсатында  екі  тарап бір-бірімен  тығыз байланыс  орнатуда.

      Ертең  13 мамыр Орталық Азия жоғары оқу орындарының өңірлік ынтымақтастығын кеңейту мақсатында  ұйымдастырылып  отырған Форумда екі университет арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылмақ.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: