QyzPU студенттерінің жетістіктері еселенуде



    • QyzPU студенттерінің жетістіктері еселенуде

      АЛМАТЫ. 17 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  студенттері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасынан және  Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ұйымдастырылған ХІV  Республикалық пәндік олимпиадасына  қатысып, жүлделі  І және  ІІ орындарды  иемденіп  қайтты.

      Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларын насихаттау, білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктері мен даярлық сапаларын анықтау, ғылыми инновациялық әрекет әлеуетін ашуға жағдай жасау мақсатында  ұйымдастырылған Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадасынан жүлделі  І орынды  иемденген студенттер:

      Әмірханова Камшат Абайқызы – 3 курс 

      Қасенова Ақерке Жанатқызы – 3 курс

      Полат Айнұр Алмасқызы – 3 курс

      Жылқыбай Балым Насырханқызы 2 курс

       

      Ғылыми жетекшілері:

      Педагогика  ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Набуова Роза Абдрахмановна

      Педагогика  ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушысы Карсыбаева Раиса Канабековна

      Педагогика  ғылымдарының магистрі, оқытушы Шаханова Назерке Накыпбековна

       

      Студенттердің тәрбиеші тұлғасының жоғары әлеуметтік маңыздылығын насихаттау, білім беру салаларына бағытталған инновациялық технологиялар мен  әдістемелерді айқындау, «Жалпыұлттық құндылықтарды көркем шығармаларда интеграциялау», студенттің болашақ маман ретіндегі кәсіби-педагогикалық-шығармашылық құзыреттілігін ашуға ықпал ету, қатысушылардың базалық пәндерден меңгерген теориялық білім деңгейлерін анықтау мақсатында   6В01201 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша  ХІV  Республикалық пәндік олимпиададан ІІ орын алып келген студенттер:

      Бекмұратқызы Ақгүл 3 курс

      Қундыз Серикқызы 3 курс

      Бекболатқызы Аяулым 3 курс

      Ержанқызы Айжан 3 курс

       

      Ғылыми жетекшілері:

      Педагогика  ғылымдарының  кандидаты, профессор міндетін атқарушы Жубандыкова Акгул Мурзалиевна

      Педагогика ғылымдарының  магистрі, оқытушы Абдурахманова Майра Махамбеткызы

      Педагогика ғылымдарының  магистрі,  оқытушы Аманжолова Әсел Нұрланқызы

       

      Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, ғылыми жетістіктерге жету  жолында сәттіліктер тілейміз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: