QyzPU спорттық жарыстарда алда келеді



    • QyzPU спорттық жарыстарда  алда  келеді

      АЛМАТЫ. 20 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық  университетінің  құрамындағы кәсіби білім беру колледжінің 2-курс студенті Сайлаубек Балсара мен Университеттің Коммуникация  және  маркетинг  департаментінің  сайт редакторы  Элубаева  Ақсұлу  Петропавл қаласында өткен Қазақстан чемпионатынан жүлделі І орынды жеңіп келді.

      Балсара «Бастауыш білім беру мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша болашақ ағылшын тілі мұғалімі. Спортшы қыз оқуы мен спортты бірге алып жүруге тырысуда. Әлемдік карате федерациясы (WKF) құрамына кіретін карате-до Cито рю бағытымен айналысады. 8 жыл спортпен айналысқанымен, Петропавл қаласында өткен Қазақстан чемпионаты басқа қалада өткен алғашқы жарысы болған. Спортшымыз  Cито рю бағыты – техника мен жылдамдыққа аса назар аударуды талап ететіндігін айтады. Соның арқасында Шобу дисциплинасында І жүлделі орынды иеленді. Болашақта карате жаттықтырушысы мамандығын да игеріп алғысы келеді. Ендігі жоспары Almaty Open және Kazakhstan Open додаларына дайындық жүргізу.

      Келесі бір жеңімпазымыз Элубаева Ақсұлу – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  сайт редакторы болып жұмыс істейді.Тығыз  жұмыс кестесінің  арасында уақыт тауып,  Карате спортының Мейбукан Годзю-рю бағытымен айналысып жүр. Алғашында өзін қорғауды үйренсем деген мақсатта 7 ай  спортпен айналысқан Ақсұлу, қызығушылығы артып, қарқынды  еңбегінің арқасында Қазақстан чемпионатының ең ірі сайысына жолдама алған.

      Чемпионатта қызметкеріміз 3 дисциплина: ката, командалық ката, ирукуми-дзю кумитэден сайысқа  түсіп, үшеуінен де жүлделі 1 орынды  иеленген.

      Жеңімпаздарымызды  шын жүректен құттықтап,  жетістіктер мен  табыстар тілейміз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: