«Жаны сұлу жандарды дос көргенмін»



    • «Жаны сұлу жандарды дос көргенмін»

      АЛМАТЫ. 26 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Бүгін осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ақын, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әділғазы Қайырбековпен кездесу  өтті.

      Жыр кешіне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Қазақ тілі және әлем тілдері институтының оқытушы ғалымдары мен студенттері қатысып, әдебиетші, журналист, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жыр байқауларының лауреаты ақын Әділғазы Қайырбековтің өмірі, қоғамдық қызметі, өлеңдері, поэмалары және балладалары, деректі әңгімелері мен очерктері, эссе, әдеби сын-зерттеу еңбектері ой-толғамдары туралы,  сонымен  қатар  Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов, тағы да  басқа  қазақ әдебиетінің алыптарының өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұралары, құнды жәдігерлері, эсселері, ой-толғамдары, сыр-сұхбаттары туралы айтылады.

      Сондай-ақ әдебиет, руханият, қоғамдағы өзекті мәселелер жайында,  кешегі өр мінезді, биік рухты, батыры көп қазақ халқының ұлттық мұраты жөнінде,   ұлттық болмысымыз, ұлттық сана-сезім туралы сөз қозғалды.

      Кеш соңында  әбебиет  сүйер қауым  кештен  түйген ой- пікірін ортаға салып, ақын шығармашылығымен тереңірек,  жақынырақ танысқандығын айтты.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: