QYZPU-да «Көңілді старт» отбасылық эстефетасы өтті



    • QYZPU-да «Көңілді старт» отбасылық эстефетасы өтті

      АЛМАТЫ. 27 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – «Әкем,  шешем және мен  – шынығамыз спортпен» осындай  ұранмен  Балалар күніне  орай  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  спорт  кафедрасының  ұйымдастыруымен, оқу  ордасының  қызметкерлері мен  оқытушыларының арасында  отбасылық көңілді  эстафета  болып өтті.

      Дене шынықтыру  мен  спортты  дамытуға  арналған мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  мақсатында  ұйымдастырлған іс-шараға  университеттің  оқытушылары мен  қызметкерлерінің  арасынан барлығы  8 командан  құралған отбасы мүшелері  сайысқа  түсті.  Сайысқа  қатысушы  ата-аналардың  жас  құрамы  35-55 жас  болса,  балалардың  жас  ерекшеліктері  10-13 жас аралығында  болды.

      1. Баскетбол доптарымен  жүгіру
      2. Ракеткамен  шарикті  алып жүріп жарысу
      3. Картоп  отырғызып, қайтадан жинау  ойыны
      4. Хоккей (допты  домалату) ойыны
      5. Қапқа екі  аяқты  салып секіріп жүгіру

      5 турдан құралған  қызықты  да  тартысты  сайыстар көрермендерге  де,  отбасы  мүшелеріне  әсіресе  жеткіншек  балаларға  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлады. 

      Университет  ұжымын  дене  тәрбиесінде  өтетін күнделікті  жаттығуларға    тарту,  салауатты  өмір салтына  ынталандыру,  спорт пен  бұқаралық іс-шараларды  ұжымда  насихаттауды  мақсат  тұтқан айтулы  эстафетаға  қазақ тілі  және  әлем  тілдері, жаратылыстану,  педагогика  және  психология, физика-математика және  цифрлық технологиялар, әлеуметтік  гуманитарлық ғылымдар және  өнер институттарынан және  университет  колледжінен арнайы  құралған командалар сайысқа  түсті.  

      Әділқазы  алқаларының  құрамында білім беру бағдарламасының көшбасшысы, ғылым кандидаты Алия Керимбековна, доцент, ғылым кандидаты Дина Рахимовна, аға оқытушы Жанар Жеңісбекқызы,  аға оқытушы Мақсұтқан Мұсабекұлы болып, «Көңілді  старт» эстафеталық жарыс  ойынының  нәтижесінде  8 команданың  ішінен 3 командаға   жүлделі  орындарды  табыстады. 

      Жүлделі  І орынды Педагогика  және  психология  институтынан «Бүркіт» командасы жеңіп  алды.  Команда  құрамында  Уакасова  Меруерт,  Копакбаев Бақытбек, Жомартов  Алдияр өнер көрсетті.

      Жүлделі ІІ орын Қазақ тілі  және  әлем тілдері  институтының «Тұлпар» командасына бұйырды.Команда мүшелері Қайранов  Мақсат, Шамишова  Айбану, Ардақ Білге тартысты  сайыс көрсетті.  

      ІІІ орынды  Жаратылыстану  институтынан «Жеңіс  командасы» иеленді. Команда құрамасында Қойлыбаев Жасұлан, Абильмажинова  Дидар, Сембеков  Алтынбек белсенділік  танытып,  қызықты  ойын көрсетті.

      Жеңімпаздар дипломдармен  марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

      Физика-математика  және цифрлық технологиялар институтының  намысын қорғап  шыққан команда мүшелері  Есентаев  Қайрат, Бозаева  Жұлдыз, Мұхтар Әлинұр, Әлеуметтік  гуманитарлық ғылымдар және  өнер институтының  намысын қорғаған команда мүшелері Тұрғанбаев  Қайсар, Ерқасымқызы Аружан, Кеңес  Томирис, Жаратылыстану  институтынан Қазыханов,  Мырзабек  Айнұр,  Мұхамедкәрім  Айша өнер көрсетіп,    алғыс  хаттармен  марапатталды.

      Сайысқа қатысқан барша команда мүшелеріне алғыс білдіріп, алда болатын университетішілік  сайыстарға үнемі белсене қатысып, жеңістерге жетуіне тілектеспіз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: