Үздің эдвайзерлер марапатталды



    • Үздің эдвайзерлер марапатталды

      АЛМАТЫ. 30 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша жас ұрпақты адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін бір топ университет оқытушылары Ректордың алғыс хатымен марапатталды.

      Қазіргі  таңда  жоғары  оқу  орнында  жұмыс  жасайтын эдвайзер маманы  туралы бірі  білсе, бірі  бұл маманның  міндетін түсіне  алмай  жатады.  Эдвайзер –   бұл білім алу кезеңінде білім беру бағдарламасын меңгеруге көмек беретін оқытушы. Олардың саны факультеттегі студенттер санына қарай белгіленеді. Әрбір эдвайзерге белгілі бір студенттер саны (15 студенттен кем емес) бекітіледі. Оқу жылы барысында эдвайзер өзінің кеңес беру кестесіне сәйкес жұмыс істейді. Шұғыл академиялық мәселелерді шешу қажет болған жағдайда эдвайзер өзінің кестесінен тыс жекеше кеңес те бере алады. Эдвайзердің кеңес беру кестесін қызмет етуші кафедра өзінің оқу жылына құрылған жұмыс жоспарына сәйкес жасайды және оны оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор бекітеді.

      Эдвайзердің міндеттері:

      • студенттің жеке біліктілігі деңгейін анықтау мен білім бағдарламасын игеруге көмектесу;
      • мамандыққа сәйкес бағыт таңдау кезінде білім алушының қажеттілігін, мүддесі мен қабілетін анықтау;
      • студенттің үлгерімі мен академиялық деңгейіне қатысты сұрақтарды қарастырумен айналысатын сараптамалық комиссия жұмысына қатынасу.

      Эдвайзер кафедра меңгерушісінің келісімімен ректордың бұйрығы бойынша тағайындалады.

      Осындай  міндеттерін адал  атқарған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  бір топ  үздік  эдвайзерлері жас ұрпақты адамгершілік, патриоттық рухта тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін Басқарма  Төрағасы  –Ректор Гүлмира  Әмірханқызының  қолынан алғыс  хат  алды.

      «Университеттегі білім беру ісі мен барлық қоғамдық, мәдени-рухани іс-шараларды ұйымдастыруда белсенділік танытып, оқу орнының қарқынды дамуына өзіндік үлес қосқаныңыз үшін АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН!

      Деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!»- делінген алғыс  хатта.

      Төменде  марапатқа  лайық деп  табылған оқытушылар тізімін ұсынамыз:

      Аты-жөні

      Лауазымы

      1.  

      Айгүл Балташқызы Тойжан

      Директордың оқу–тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

      1.  

      Даурен Бақдәулетұлы Мухамадиев

      Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, 115, 211 топтардың жетекшісі

      1.  

      Жазира Жайлаубекқызы Акимбаева

      Педагогика пәнінің оқытушысы

      1.  

      Айсымбат Төреханқызы Серіккулова

      Биология пәнінің оқытушысы

      1.  

      Әдемі Нұрғалиқызы Бектұрғанова

      Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

      1.  

      Мажибаева Гулжан Пердебаевна

      Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

      1.  

      Маметжанова Назгуль Хаюмовна

      Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

      1.  

      Масимгазиева Алуа Акановна

      Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

      1.  

      Сейтбекова Гульжан Оразбаковна

      Математика кафедрасы

      1.  

      Рысбаева Акмарал Алтынбековна

      Математика кафедрасы

      1.  

      Байкадамова Лаура Сериковна

      Физика кафедрасы

      1.  

      КопенбаеваАманкуль Санаккалиевна

      Физика кафедрасы

      1.  

      Бектемір Ақнұр Әбибуллақызы

      Магистр, оқытушы

      1.  

      Саурбаева Раиса Санақовна

      Магистр, аға оқытушы

      1.  

      Калдыбаева Кульмария Ауелхановна

      ҚРСО мүшесі,

      магистр, қауымд. профессор м.а.

      1.  

      Қоңырова Айжан Мауленовна

      Магистр, аға оқытушы

      1.  

      Коспагарова Асем Кабидолдаевна

      Магистр, аға оқытушы

      1.  

      Айнабекова Назгуль Торебаевна

      Магистр, аға  оқытушы

      1.  

      Зиявдинова Асыл Кадырхановна

      Аға оқытушы, ғылым магистрі, география кафедрасы

      1.  

      Тоқсабаева Мақпал Ербосынқызы

      Аға оқытушы, ғылым магистрі, география кафедрасы

       

      Әбітай Әлия Нұрланқызы

      Оқытушы, ғылым магистрі, биология кафедрасы

      1.  

      Карабалаева Дина Эзимхановна

      Оқытушы, ғылым магистрі, биология кафедрасы

      1.  

      Камысбаева Алия Кенесбековна

      Оқытушы, ғылым магистрі, химия кафедрасы

      1.  

      Абильмажинова Дидар Заманбековна

      Оқытушы, ғылым магистрі, химия кафедрасы

      1.  

      Панзабек Бағила Төребекқызы

      Аға оқытушы, ғылым магистрі, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

      1.  

      Шәмішева Айбану Жәнібекқызы

      Оқытушы, ғылым магистрі, шетел тілдерін оқыту әдістемесі кфедрасы

      1.  

      Гулнар Акан

      Аға оқытушы, ғылым магистрі, шетел тілдерін оқыту әдістемесі кфедрасы

      1.  

      Аубакирова Алтын Мухамедовна

      Аға оқытушы, ғылым магистрі, орыс әбебиеті кафедрасы

      1.  

      Кажигалиева Гульжан Абзалхановна

      Қауымдастырылған профессор м.а., ғылым кандидаты, орыс әдебиеті кафедрасы

      1.  

      Нұржанова Ботакөз Нұртанқызы

      Қауымдастырылған профессор м.а., PhD, Қазақ тіл білімінің теориясы және әдістемесі кафедрасы

       

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: