QyzPU-дың спорт саласынан жетістіктері сараланды



    • QyzPU-дың спорт саласынан жетістіктері сараланды

      АЛМАТЫ. 2 маусым. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – QyzPU Ректоры  университеттің  Дене  шынықтыру  және  спорт  кафедрасының  профессор оқытушыларын  университеттің  мәдениет және  спорт саласын дамытуға қосқан  сүбелі  үлесі үшін  және  халықаралық,  республикалық спорт додаларынан жүлделі  орын алып,  білім  ордасының беделін арттыруға атсалысқан студенттерді  марапаттады. 

      2021-2022 жылын қорытынды кешіне Басқарма Төрағасы  – Гүлмира Әмірханқызы, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор  Жанар Қасымбекқызы,  сонымен қатар кафедраны  2009 жылы  тәмәмдаған,  бүгінде  №202 Мектеп-гимназиясының дене шынықтыру  кафедрасының  меңгерушісі Зәуре  Исахова және  кафедраның  профессор-оқытушы  құрамы  мен  студенттері  де  қатысты.

      Дене шынықтыру  және  спорт кафедрасының білім беру бағдарламасының көшбасшысы,  ғылым кандидаты Есельбаева Алия Керимбековна кафедраның   2021-2022 жылғы оқу  жылында   жеткен  жетістіктері  мен  табыстары  жайлы  презентациялық  қорытынды есебімен  таныстырды.

      Қорытынды  есептің  нәтижесі  ретінде көркем  гимнастикадан спорт шебері,  ҚР бірнеше  дүркін чемпионы,  кафедраның  2 курс  студенті  Жумашева Камила,  Каратэден  спорт шебері, республикалық ҚР чемпионы,  кафедраның  1 курс  студенті  Нұрзия  Назарова,   1 курc студенті Чолданбаева Гульназ және  дзюдодан спорт шеберіне  кандидат 1 курс  студенттері   Кенжебекова  Бахытгуль, Тілектесқызы Толқын, Ни Кристина сынды  спортшы қыздарымыз сахнада   өз өнерлерін көрсетіп,  көрерменнің  қошеметіне  бөленді.

      Дене шынықтыру және спорт кафедрасынан марапатқаие  болған профессор – оқытушылар мен қызметкерлер тізімі:

      1. Абдыкадырова Дина Рахимовна – п.ғ.к., доцент
      2. Ниязақынов Ердос Бағдатұлы – п.ғ.м., аға оқытушы
      3. Кухаренко Алла Брониславовна – аға оқытушы
      4. Бисариев Ибрагим Бекешович – аға оқытушы
      5. Нурпеисова Сауле Абильмажитовна – п.ғ.м., аға оқытушы
      6. Рукасов Олег Николаевич – аға оқытушы
      7. Усбанов Нурлан Султанбаевич – аға оқытушы
      8. Баяхмет Алтынай Жумакелдіқызы - координатор
      9. Букенова Феруза Жолдасбековна – оқу шебері
      10. Даубаева Сандугаш Абдикаримовна - вахтер
      11. Магаева Анар Кудайбергеновна – еден жуушы

      Дене шынықтыру және спорт кафедрасынан марапатқа ие  болған студенттер тізімі:

      1. Ступина Светлана  - 3 курс
      2. Абулхасенова Назерке – 2 курс
      3. Узакбаева Карлыгаш – 1 курс
      4. Акмалова Малика – 1 курс
      5. Регласова Анна – 1 курс
      6. Кенжебекова Бақытгүл – 1 курс
      7. Тлектесқызы Толқын – 1 курс
      8. Ни Кристина  - 1 курс
      9. Кугамова Елдана – 4 курс
      10. Абдрахманова Салтанат – 4 курс
      11. Алтеева Айтолқын – 1 курс
      12. Болатбек Анеля – 1 курс
      13. Исмаил Толғанай – 1 курс
      14. Садердинова Ангелина – 1 курс
      15. Стерликова  Мария – 1 курс
      16. Ракишева Айша – 2 курс
      17. Амувакирова Диляра – 3 курс
      18. Ғазиз Елдана  - 3 курс
      19. Анфиногенова Галина -3 курс
      20. Шульц Эвелина – 2 курс
      21. Сазонтова Карина -3 курс
      22. Жумашева Камила – 2 курс
      23. Минанова Улданай – 1 курс
      24. Назарова Нурзия – 1 курс

      Кафедраның  барлық оқытушы-профессорлары  мен  студенттерін  марапаттарымен  шын жүректен құттықтаймыз! Келесі  оқу жылында  да  көптеген жетістіктерге  жетуіне  тілектеспіз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: