«Үздік жас ғалым – 2022»



    • «Үздік жас ғалым – 2022»

      АЛМАТЫ. 8 МАУСЫМ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – QyzPU-дың Қазақ тілі және әлем тілдері институтының орыс тілі мен әдебиеті білім беру бөлімінің «8D01702- орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс докторанты Мырзаханова Фарида Муратқызы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік жас ғалым – 2022» V Халықаралық кітап басылымына  жобасын ұсынып, «Үздік жас ғалым – 2022»  II дәрежелі дипломмен және төс белгісімен марапатталып,  алғыс хатқа  ие  болды.

      Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Саметова Фаузия Толеушайховна

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің «Үздік жас ғалым-2022» V Халықаралық кітап басылымы ТМД жас ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін танымал етуге бағытталған бірегей жоба болып табылады. Оны Халықаралық жас ғалымдар қауымдас «Бөбек» қоғамдық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

      Бұл жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау аясында Ресей Федерациясынан, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан әр түрлі саладағы проблемалар бойынша ғылыми әзірлемелерге әуес жас және талантты жастар қатысты.

      Жүлдегерімізді  жетістігімен  құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: