Г. Алдамбергенова «Almaty» телеарнасына сұхбат берді



    • Г. Алдамбергенова «Almaty» телеарнасына сұхбат берді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова «Almaty» телеарнасына сұхбат берді.

      Оқу орнының басшысы «Таңғы студио» ақпараттық-танымдық бағдарламасында жуырда жарық көрген «Ұлттың ұлағатты ұясы» энциклопедиясы туралы, «Күміс университет» пен «Университет мектебі» жобалары жайында айтты.

      Сонымен қатар Гаухар Алдамбергенова Алматы қаласының экологиялық ахуалын жақсартуды көздейтін арнайы іс-шара турасында да әңгімеледі.

      Аталған экологиялық жоба шеңберінде университет Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен қоқысты іріктеп жинау үшін шаһар аумағында арнайы орындар орнатпақ. Бастама тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау дағдыларын қалыптастыруға бейімдеп, жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға септігін тигізуді көздейді. Игілікті іс жуырда Алмалы ауданынан бастау алмақ.

      Ал «Күміс университеттің» басты міндеті – алматылықтардың физикалық және рухани саулығын нығайту, цифрлы сауаттылықты дамыту, ішкі үйлесімділікті қалыптастыру, әлеуметтік белсенділікті арттыру және өмір сүру сапасын жақсарту.

      «Университет мектебі» жобасы аясында оқу орны студенттері мектеп оқушыларына қашықтан оқыту кезінде пәнді игеруге жан-жақты көмектесуде. Бұл бағытта бастауыш сыныптар үшін репетиторлық жұмыстар, жеке пәндер бойынша үй тапсырмаларын орындауға көмек көрсету, ҰБТ-ға дайындау сияқты нақты жұмыстар жүргізілуде.

      Сұхбаттың сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=RqXiRuzNOG0&t=227s

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: