Ирландия университет өкілдері QyzPU-да



    • Ирландия университет өкілдері QyzPU-да

      АЛМАТЫ. 14 ШІЛДЕ. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU Ирландия мемлекеті, Mary Immaculate College өкілдерін қабылдады. Кездесуге аталмыш оқу  орнының  оқу ісі жөніндегі вице-президенттің және білім беру бағдарламаларын әзірлеуге жауапты қызметкер Кэти Броснан және  Сапа жөніндегі директоры Дейдре Райан арнайы келді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті сәтті жүргізіп отырған бағдарламалардың бірі ERASMUS+ бағдарламасының аясында өткен шарада екі тараптың білім беру бағдарламаларының құрылымына шолу жасалып, салыстырмалы талдау жүргізілді. Тәжірибе алмасудағы  басты мақсат білім беру ордаларының жоғары құрылымының жұмысынан бастап орындаушы органдар қызметін, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің сапаны қамтамасыз ету жүйесін, кафедралардың жұмысын талқылау. Екі университеттің  студенттерді қамту деңгейі, тек  қана  қыздар оқитын университет болғандықтан тәлім-тәрбие  беру  әдістерінде  көптеген ұқсастықтар бар.  Дегенмен,  европалық стандартқа  сай  басқару  жүйесінде,  әсіресе  әкімшілік  басқару  бөлімдерінің жұмысына  профессор-оқытушы  құрамды  тарту,  сол арқылы  мәртебесін көтеру  жағынан  көптеген тәжірибе  алмасуға  болады. Екі  жақты  қарым-қатынастың  басты  мақсаты  да  осы  болмақ.

      Сонымен қатар, 5 күнге созылған шарада қонақтар қаламыздың мәдени орталықтары, көрнекті орындарымен танысып,  еліміздің  мәдениеті  және   ұлттық құндылықтарымен  танысты.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: