QyzPU студенті әлемдік форум баяндамашысы



    • QyzPU студенті әлемдік форум баяндамашысы

      АЛМАТЫ. 25 шілде. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – QyzPU Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының студенті Ізбасарова Мәдина Түркия мемлекетінде өтетін әлемдік жастар бейбітшілік форумында баяндама жасады.

      Университетіміздің 6В01506-Информатика білім беру бағдарламасының 3 курсын тәмамдаған студентіміз Ізбасарова Мәдина 2022 жылы Түркия мемлекетінде өтетін әлемдік жастар бейбітшілік форумының қатысушысы атанып, форумда баяндама жасап қайтты.

      Түркия 2022 жастар бейбітшілік форумы (YPF) — бұл әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам жас визионерлерді біріктіруге бағытталған  және бейбітшілік, дипломатия, даму, білім, экономика және мәдениетті ілгерілетуге арналған бағдарлама. Форум Анталия қаласында 16-19 шілде аралығында өтті. YPF Turkey 2022 қатысушыларға әлемдік көшбасшы саясаткерлер мен халықаралық қоғам қайраткерлермен пікір алмасуға мүмкіндік берді.

      Бағдарламаның мақсаты - қатысушыларға "бейбітшілік және дипломатия" тақырыбындағы түрлі бағдарламалар аясында өздерінің көшбасшылық қасиеттерін пайдалана отырып, бейбітшілік пен бірлікті көтермелеу. Форумда “жаһандық жылыну”, “гендерлік теңдік”, “кәсіпкерлік және экономика”, “дипломатия” тақырыбында дискуссия болды. Форумның негізгі ұйымдастырушылары Америка құрама штаттарының қоғам белсенділері мен саясаткерлері болды. Делегаттар үлкен білім және мәдениетпен алмасып, конференция соңында марапатталды.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: