QYZPU студенті АҚШ-та білім алмақ



    • QYZPU студенті АҚШ-та білім алмақ

      АЛМАТЫ.  25 тамыз. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ –  Университетіміздің  студенті Дүйсекеева Арай Мырзабайқызы Америка Құрама Штаттарының Миссисипи алқабы мемлекеттік университетініне халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға аттанды. 

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,   физика- математика және цифрлық технологиялар институты, «6В061014 - Информатика» мамандығының 4 курс студенті Арай  1 семестр бойы  өзі  таңдаған  сүйікті мамандығы бойынша  шетелдік  оқу  орнында  білім  алып,  тәжірибе  алмаспақ.  Студентімізге  жаңа  оқу  жылында  жаңа  ортада  жақсы  жетістіктерге  жетіп, елге  тың  ізденстермен  оралуын тілейміз!

      Халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде  академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда.

      Студенттің академиялық ұтқырлығы - білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.

      Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: