Симпозиум жұмысы 17 секция бойынша өтуде



    • Симпозиум жұмысы 17 секция бойынша өтуде

      Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумының жұмысы 17секция бойынша жүргізілуде.

      Атап айтқанда, 100-ден астам ғалым «әл-Фараби», «Абай», «Исмаил Гаспралы», «Ахмет Байтұрсынұлы», «Мұстафа Шоқай», «Физули», «Шыңғыс Айтматов», «Ахмед Джевад», «Әлішер Науаи», «Карабах», «Зия Гёкальп», «Шахрияр», «Эркин Вахидов», «Зәки Валидов (Тоған)», «Гянджеви», «Омер Сейфеддин» және «Молла Панах Вагиф» бағыттары бойынша мазмұнды баяндамалар жасап, тың зерттеулерімен бөлісуде.

      Жиынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті, Әзербайжанның Баку Еуразия университеті, М. Акмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті мен ғылыми зерттеу ұйымдарының оқытушылары мен ғалымдары қатысуда.

      Айта кетейік, түркі әлемі ғылымы, әдебиеті мен мәдениетінің кеңеюіне ықпал етуді көздейтін Халықаралық Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы осымен жетінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

      Биылғы шара «Ортақ түркі тарихының жазылуы» тақырыбына арналған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: