QyzPU студенттері «Үздік студенттер академиясының» мүшесі атанды



    • QyzPU студенттері «Үздік студенттер академиясының» мүшесі атанды

      АЛМАТЫ. 13 ҚЫРКҮЙЕК. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Қыздар университетінің 3 курс студенттері Гүлназ Талипбай мен Жания Рүстембекова «Үздік студенттер академиясының» мүшесі атанды. Оқу ордамыздың бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі және дефектология мамандықтары бойынша білім алып жүрген жастарымыз осындай қуанышты хабармен бөлісті.

      «Үздік студенттер академиясы» жобасы «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен белсенді, үздік студенттердің жетістіктерін саралау арқылы жүзеге асқан.  

      Жобаның мақсаты еліміздегі жасампаз жастарды қолдап, олардың ғылым-білімге деген қызығушылығын оятып, өз мамандығының хас шебері атануға жағдай жасау.

      Қыздарымызды «Үздік студенттер академиясының» мүшесі атануларымен шын жүректен құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: