Академиялық жазылым бойынша Воркшоп өтуде



    • Академиялық жазылым бойынша Воркшоп өтуде

      Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде АҚШ-тың Колумбия университетінің түлегі Mарисол Ричмондпен, ағылшын тілі оқытушыларына арналған академиялық жазылым бойынша Воркшоп өтуде.

      Академиялық жазылым негізінен жоғары оқу орындарында кеңінен қолданылады. Сондықтан филология институтында шет тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы мен практикалық шет тілі кафедрасының оқытушыларына арналған академиялық жазылым бойынша ай сайынғы воркшоп өткізіледі. Іс-шараның спикері-шетелдік оқытушы - Марисол Ричмонд.

      Қатысушылар академиялық мәтін моделімен, кіріспе мен қорытынды жазу әдістерімен, ғылыми мақалалардың және әртүрлі эсселерді құрылымдаумен танысады. Дұрыс тезис пен сыйымды атауды тұжырымдау принциптері және тағы басқалар қарастырылады.

      2022 жылдың желтоқсанына жоспарланған кездесудің үшінші бөлігінде жоғары сапалы Аннотация механикасы егжей-тегжейлі талданады.

      Осылайша, әр семинар оқытушылармен тәжірибе алмасудан тұрады; студенттерге әртүрлі эссе түрлерін үйрету, академиялық мәтіндер жазу және сыни ойлауды дамыту бойынша ұсыныстар беріледі.

                                                                                                                                                                                                                                                      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: