Университетіміздің спорттық жетістіктері қуантуда



    • Университетіміздің спорттық жетістіктері қуантуда

       

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дене шынықтыру және спорт кафедрасының студенттері университет мақтаныштары деп айтуға болады. Қандай додаға салсаңыз да жүлдесіз оралмайды. Жақында ғана Алматы қалалық қыздар арасында өткен мини футболдан біздің футбол командамыз бірінші орынды жеңіп алды.

      10 команданың ішінен оза шапқан команданың бұл алғашқы жеңісі емес, осыған дейін талай жеңістің туын желбіреткен. Жүлделі орынмен қоса, команда мүшесі Ұзақбаева Қарлығаш «Турнирдің ең үздің бомбардирі» номинациясын иеленді.

      Сонымен қатар, аталмыш команда жыл сайын өтетін «Тұран» университеті ректорының Кубогын да жеңіп алды. Алматы қаласы университтеттерінен құралған 8 команданың ішінен тағы да біздің қыздар оза шапты. Команда  мүшесі, кафедраның 3 курс студенті  Кузтай Айдана «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.

      -          Біздің команда үшін бұл жеңістер оңай келген жоқ. Қарсыластырымыз да мықты жасақталған командалар. Соған да қарамай, жеңісті қолдан бермедік. Алда талай жарыстар күтіп тұр. Жеңіспен оралу үшін тыңғылықты дайындық жасаудамыз- деп атап  өтті команда  жатықтырушысы кафедраның  аға  оқыушысы  Бисариев  Ибрагим  Бекешұлы.

      Университет тек футболдан ғана емес, басқа да спорттық жарыстардан жүлдемен оралуда. Дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3 курс  студенті  Жұмашева Камила Алматыда  өткен чирлидинг чемпионатынан «Джаз соло» номинациясы бойынша 3 орынды иеленіп қайтты.

      Жеңімпаздарымызды Университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтап, болашақта тағы да жүлделі орындардан көрінетініне сенім білдіреміз!

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

       

       

       

      Бөлісу: