Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиын өтті



    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиын өтті

      Бүгін университетте Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің жүйелі тәсілі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

      Тәжірибе алмасу және ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің тиімді тәсілдерін талқылау мақсатында ұйымдасқан жиынға

      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Абилова Айгерім Жеңісқызы, аталмыш академияның Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Байбосынов Серікжан Берікбайұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және этика секторының бас сарапшысы Таймасов Медет Қаратайұлы, Комплаенс қызметінің басшысы Әйгерім Ерланқызы мен Комплаенс -офицер Саухымов Архимед қатысып, сыбайлас жемқорлқтың алдын алу шараларын, тиімді тәсілдерін ұсынды.

      Естеріңізге сала кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 9 желтоқсан Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні болып жарияланды. Сыбайлас жемқорлық барлық қоғамдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуға нұқсан келтіреді. Қай елдің, қай өңірдің, қай қоғамның болсын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын иммунитеті жоқ. Олардың қатарына Қазақстан да бар.

       

       

      Бөлісу: