"Жылдың үздік студенті" атанды



    • Университетіміздің қос студенті «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауға қатысып І және ІІ дәрежелі диплом иегерлері атанды.

      AMANAT» партиясы Астана қалалық Бірлік филалы мен «Bilim-orkenieti» ұлттық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырылуымен өткізілген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыстың нәтижесі елордада өткен «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» форумында жарияланып, жылдың үздік студенттері белгілі болды.

      Қазылар алқасы сайыскерлерді қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуы, оқу-білімдегі жетістігі және де өздерінің осы «Тәуелсіз Қазақ елінің дамуына жаңашыл идеялар» атты тақырыпта жазған эсселерін қорытындылау нәтижесінде анықтады.

      Республикамыздың жоғарғы оқу орнынан сайысқа қатысқан 100-ге тарта студенттің ішінде І дәрежелі дипломға тек 3 студент қана лайық деп табылған. Соның бірі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс студенті Ержанқызы Айжан. Жетекшісі профессор м.а., ғылым кандидаты Ақгүл Жұбандықова.

      Ал ІІ дәрежелі дипломмен университетіміздің кәсіптік білім және визуалды өнер, көркем еңбек графика және жобалау мамандығының 1 курс студенті Құралбаева Дана марапатталды. Жетекшісі PhD қауымдастырылған профессор м.а Ляйля Иманкулова.

      Сайыс жеңімпаздарына арнайы төсбелгі мен ақшалай сыйлық табысталды.

      Марапат иелерін университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта тек биіктерден көріне берулеріңізге тілектестік білдіреміз!

      Бөлісу: