Екі университет бірлескен жоба



    • Екі университет бірлескен жоба

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде (Қазақстан Республикасы) Нийде Өмер Халисдемир университетінің (Түркия Республикасы) Технопарк кеңсесі ашылды

      2023 жылы 9 қаңтарда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Нийде Омер Халисдемир университетінің делегациясымен кездесу кеші өтті. Кешке Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры, профессор Хасан Услу, технопарк директоры Рифат Батталоглу, Бас хатшының сенімді өкілі Узкан Абдулгани және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор Гүлмира Қанай қатысты. Кездесу барысында екі ел университеттерінің ректорлары ынтымақтастық және екі-жақты меморандумға қол қойып, бірлескен жобалар мен қос дипломды білім беру саласын талқылап, ынтымақтастықтың перспективаларын, алда күтілетін нәтижелерін талдады.

      Нийде Омер Халисдемир университеті - Түркиядағы ең үздік мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі.

      Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай мен Омер Халисдемир университетінің өкілі Ректор, профессор Хасан Услудың ресми кездесуі барысында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, іскерлік кездесу барысында Технопарк кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Технопарк кеңсесін ашудың негізгі мақсаты – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану үшін ынтымақтастық көпірін салу.

                                                                                 

      Шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесі әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен меморандумға отыру – университеттердің қарқынды даму құралдарының бірі. Бұл технопарктің негізгі міндеті технопарк шеңберінде әлеуетті ғылыми-техникалық жобалар мен идеяларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындау, сондай-ақ білім мен өнертабыстарды технологияға айналдыру үшін орта қалыптастыру, технологияларды коммерциялық өнімдерге айналдыру мақсатында ғалымдар мен бизнес өкілдерін біріктіру. Аталған технопарк кеңсесінің ашылуына байланысты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бойынша Нийде Омер Халисдемир университетімен коммерцияландыру бағыты бойынша іс-шараларды, студенттік стартап-жобаларды бірлесіп ұйымдастыру және қатысу күтілуде.

      Технопарк кеңсесінің ашылуы екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жұмыс кестесіне сәйкес шетелдік қонақтардың сапары 11 қаңтарға дейін жалғасады.                                                                                      

                                                                                 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

      Коммуникация және маркетинг департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail:  qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: