Студентіміз XXXІ Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада төрінде



    • Студентіміз XXXІ Бүкіләлемдік  Қысқы Универсиада  төрінде

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті талантты  жастарға  бай. Біздің  студенттеріміз ғылым,  білім,  спорт және  өнер саласында көптеген жетістіктерді  бағындыруда. Университетіміздің «Дене шынықтыру және  спорт» кафедрасының   3 курс студенті  Ракишева Айша  Американың  Лэйк-Плэси қаласында өтіп жатқан кезекті дүниежүзілік қысқы суденттік Универсиадаға шаңғымен  жарысудан додаға  түспек.

       XXXІ Бүкіләлемдік  Қысқы Универсиадаға еліміздің атынан 100-ге  жуық спортшы бақ сынамақ.  Олар шаңғымен жарысу, шорт-трек, биатлон, мәнерлеп сырғанау, конькимен жүгіру, сноуборд, тау шаңғысы спорты, тұғырдан секіру, қоссайыс, шайбалы хоккейден жарыс  жолына  шығады. Солардың  қатарында  Университетіміздің  студенті  Айша  Ракишева да   бар.

                                                                                     

       Универсиада ойындарының тарихы 1924 жылдан бастау алады. Ол 1959 жылға дейін бүкіләлемдік университет ойындары аталып келді. 1959 жылдан бастап универсиада болып танылды.

      Ракишева Айша Викторовна шаңғы жарысы бойынша Халықаралық спорт  шебері. 11 жасынан спортпен  айналысқан Айша әйелдер арасындағы   ең жылдам спортшы қатарында. Ол Швейцарияның Лозанна қаласында өткен жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған. Кросс,  спринт, топтық  жекелей жүгіру, эстафета спорт түрлері  бойынша  өнер көрсеткен.

                                                                                      

      Студентіміз Ресейдің  Южный Сахалинск қаласында өткен «Азия балалары» 1-қысқы ойынында Қазақстан Республикасы құрама командасының мүшесі Ракишева Айша 2020 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сонымен  қатар Айша  шаңғы  жарысынан Қазақстаннның  бірнеше  дүркін чемпионы.

      43 мемлекеттен 11 мыңнан аса  студент бақ сынап  жатқан халықаралық жарыста  студентіміз жеңімпаздар тұғырынан көрінер деген үмітіміз зор! Елге  жеңіспен  оралуына Университет атынан  тілектестігімізді  білдіреміз! Сайыста  сағың  сынбай, сәттілік  жолдасың  болсын, Айша!

                                                                                                                   

      Бөлісу: