Ясауи университетімен ынтымақтастық артуда



    • Ясауи университетімен ынтымақтастық артуда

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне Ахмет Ясауи атындағы Қазақ Түрік университетінің Басқарма мүшелері кездесуге келді

      Түркі әлемі басшыларының бастамасымен қабылданған «Түркі әлемінің келешегі-2040» құжаты елдер арасындағы Білім беру және ғылым саласындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал етуде.

                                                                                       

       «Бұл құжат түркі тілдері елдері  арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге және тұрақтылық белдеуін нығайтуға ықпал етері сөзсіз. Сондықтан ынтымақтастығымыздың болашағы зор деп айтуға толық негіз бар..»,–деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бүгінгі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті арасындағы өткен кездесу соның айқын көрінісі.

      Екі университет арасындағы кездесу барысында Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті Кеңес Төрағасы Мұхиттин Шімшек мырза Түркі халықтары үшін қыздардың, әйелдердің білім алуы өте маңызды болғандығын, ал қазіргі таңда осы міндетті Қыздар университеті сәтті іске асырып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасытырып келе жатқандығын атап өтті.

      Кездесуде ортақ жобалар мен зерттеу жұмыстарын жазу, Түркияның қолданысындағы маңызды 500 кітаптың Ясауи университетінде аударылып жатқандығын, соның 100 кітабы Қыздар университетіне берілетіндігі туралы мәселелер қарастырылды.

       Басқарма Төрағасы Гүлмира Қанай өз кезегінде, қазіргі таңда өзекті проблемаға айналған инклюзивті білім беру саласы соның ішінде аутизмге байланысты ортақ ғылыми зерттеулер жасап, Түркия тәжірибесін үйрену туралы өз ұсынысын айтты. Түркия тарапы да бұл ұсынысты қабыл алып, жақын арада аталмыш мәселелерге қатысты жұмысты бастайтынын жеткізді.

      Сонымен қатар, түрік тілін үйренемін дейтін студенттерді Еуразия зерттеу институты жанынан құрылған тіл курстарына шақырды.

      Екі тарап кездесу нышаны ретінде бір-біріне сый-сияпаттарын табыстап, екі университет арасындағы серіктестік алдағы уақытта күшейе түсетіндігіне сенім білдірді.

                                                                                       

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz  

       

      Бөлісу: