Оқу аудиториясына профессор Рысбай Сәтімбекұлының есімі берілді



    • Оқу  аудиториясына  профессор Рысбай Сәтімбекұлының  есімі  берілді

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  Жаратылыстану институтында  Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Құрметті профессоры Рысбай Сәтімбекұлының атындағы дәрісхананың  ашылуы болып, ғалымның  еңбектерін зерделеуге арналған арнайы дөңгелек үстел өтті.

                                                                               

      Шараға университеттің оқытушы-профессор құрамы,жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары, мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар, Рысбай Сәтімбекұлының жақындары мен әріптестері қатысты. Сонымен қатар онлайн режимінде республикамыздың мектеп мұғалімдері, оқытушылары мен студенттері де қосылды.

      Рысбай Сәтімбекұлы – жарты ғасырға жуық қазақ қыздардың парасат мектебінде үлкен ұжымның берекесі, білім саласының дамуына ерекше үлес қосқан, биологиядан тұңғыш отандық төл оқулықтардың авторы болған әрі жастарға дәріс беруден қол үзбей жүріп өмірден озған ұлағатты ұстаз.

                                                                                 

      Ғалымды еске алып, еңбектерін жас ұрпаққа үлгі етуді мақсат тұтқан іс шара «Ұстаз салған дара жол» атты дөңгелек үстелмен ашылды. Жиынның модераторлық тізгінін институт директоры Гауһар Байташева алды. Ғалымның еңбегін зерделеп, танымдық баяндама оқуға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Жумадил Чилдибаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Бірлікбай Есжанов, ҚР ЖБМ Зоология институтының жетекші ғылыми қызметкері Перизат Есенбекова сынды ғалымдарымыз Рысбай Сәтімбекұлының Қазақстанның жаратылыстану ғылымы мен білімін дамыту жолындағы ерен еңбегі туралы, оның отандық биолог мамандарды даярлаудағы рөлі, зоология саласы бойынша еңбектерін саралап, баяндамалар оқыды.

      Іс шараның екінші бөлімі Рысбай Сәтімбекұлының есімі берілген Жаратылыстану институтының Биология кафедрсының  306 аудиториясының ашылу салтанатымен  жалғасты. Лента қию рәсімі ғалымның жан-жары  Сәтімбекова Мәлипа Сансызбайқызы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, биология ғылымдарының кандидаты Бірлікбай Есжановқа тапсырылды.

      Ғұмырын білім мен ғылымға, тіл мен рухқа, 50 жыл өмірін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде шәкірт тәрбиелеп, ұстаздыққа арнаған Рысбай Сәтімбекұлының өмір жолын өскелең жас ұрпаққа үлгі ету шарасы жоғары деңейде өтті.

                                                                                

                                                                                 

      Бөлісу: