Қазақ ұлттық қыздар педагогикалы университеті Халықаралық әйелдер күнін атап өтті



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалы университеті Халықаралық әйелдер күнін атап өтті

      Басқарма Төрағасы — Ректор Гүлмира  Қанай ұжымның қыз-келіншектерін айтулы мерекемен құттықтады.

      Сонымен қатар университет ұжымын ҚР ҰҚК Шекара академиясының басшылығы да арнайы құттықтап келіп, Гүлмира Әмірханқызына Академияның бастығы, полковник Поливанов Павел Константиновичтің арнайы құттықтау тілегін де жеткізді. Әскери оқу ордасының курсанттары көрермен қауымға өз өнерлерін көрсетті.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ер азаматтарынан құралған белсенді топ қызметкерлері оқу ордасының әйелдер қауымын құшақ гүлдерімен қарсы алып, әсем әуендерін шырқап, жүрек жарды тілектерін жеткізді.

      Бөлісу: