«Білім берудің философиясы» курсы: Нұрлан Қиясов



    • «Білім берудің философиясы» курсы: Нұрлан Қиясов

      «Білім берудің философиясы» курсы аясындағы алғашқы жиын 27 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.

      Қыздар университетінің YouTube желісіндегі ресми арнасында ұйымдастырылатын шараның қонағы – «МИСиС» ғылыми-зерттеу техникалық университетінің EDCRUNCH UNIVERSITY орталығының директоры, EDCRUNCH конференциясының негізін құрылтайшысы және бағдарламалық директоры Нұрлан Қиясов.

      Айта кетейік, университеттің оқу үдерісіне енгізілген курстың мақсаты – мұғалім мамандарын даярлайтын оқу орны түлектерінің білім берудегі кәсіби құзіреттілігін жан-жақты дамыту, біліктілік әлеуетін арттыру.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: