Тұңғыш Президент күні құтты болсын!



    • Тұңғыш Президент күні құтты болсын!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова оқу орнының ұжымы мен білім алушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

      Құрметті әріптестер!

      Қымбатты білім алушылар!

      Баршаңызды Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

      Дербестігін жариялап, азаттығын алған жиырма тоғыз жыл уақыт ішінде елімізді барша әлем таныды. Жаһан жұртшылығына әлеуетімізді паш еттік. Осы жылдары әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалар табысты жүзеге асты. Баянды болашақ, кемел келешекке деген үкілі үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Бұлардың барлығы да Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асты. Бәсекеге қабілетті қуатты мемлекет қалыптастырудағы Елбасының тұлғасын айшықтайтын мереке ретінде бұл атаулы дата тарих көшіне жалғаса береді деп сенемін.

      Баршаңызды егемен еліміздің жаңа тарихындағы маңызы зор мейраммен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, істеріңізге табыс тілеймін!

      Гаухар Алдамбергенова,

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: