Университет студенттерімен кездесу өтеді



    • Университет студенттерімен кездесу өтеді

      Желтоқсан айының 7-8 күндері «Қаржы орталығы» АҚ-ның өкілі Ақзира Серікқалиқызы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  студенттерімен кездесу өткізеді.

      Мақсат – Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген міндетті жұмысты еңбекпен өтеуін қадағалау мен оған бақылауды қамтамасыз ету.

      Zoom платформасында және Қыздар университетінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында өтетін шараларға оқу орнында мемлекеттік білім тапсырысы негізінде оқитын студенттер мен биылғы бітіруші түлектер қатысады.

      Ақпараттық түсіндіру және консультативтік кездесу 7 желтоқсан күні сағат 15:00-де Instagram желісіндегі gyzdar_yniversiteti парақшасында өтсе, ал 8 желтоқсан күнгі басқосулар Zoom платформасында ұйымдастырылмақ.

      Кездесу кестесі:

      8 желтоқсан, сағат 15:00:

      Педагогика және психология жоғары мектебі;

      Филология институты.

      8 желтоқсан, сағат 16:00:

      Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебі;

      Өнер және менеджмент институты;

      Тарих және шет тілдері институты;

      Жаратылыстану институты.

      Жиынның идентификациялық нөмірі: 917 029 342 16.

      Коды: 439 047.

      Кездесулердің өтуіне Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, кәсіби бағдар және мансап орталығы ұйытқы болып отыр.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: