Жаһандық цифрландыруға қатысты конференция өтеді



    • Жаһандық цифрландыруға қатысты конференция өтеді

      «Қазақстан: Жаһандық цифрлы үрдістер және әлемдік тәжірибе». Осындай атаумен 12 желтоқсан күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      Өнер және менеджмент институты мұрындық болып отырған басқосуда цифрлық ортаны дамыту жағдайындағы басқарудың өзекті мәселелері, цифрлық экономика жағдайында бухгалтерлік есеп және аудитті модернизациялау, цифрлық трансформация жағдайындағы заң және құқық сынды мәселелер жан-жақты зерделенбек.

      Сонымен қатар отандық және шетелдік сарапшылар адами капитал сапасын дамыту жолдары турасында да өзара пікір алмаспақ.

      – Онлайн режімде ұйымдастырылатын конференцияның мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде білім беру жүйесін адами капиталды цифрлық трансформациялау дағдыларына баса назар аудару, цифрлық экономика жағдайындағы құқықтық мәселелерді дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу, – дейді шара ұйымдастырушылары.

      Zoom платформасында өтетін конференцияның идентификациялық нөмірі: 929 6235 0344.

      Коды: 887 589.

      Байланыс телефондары: +7 727 237 00 70; +7 702 480 44 37; + 7 701 833 44 15.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Бөлісу: