Көктемгі семестр қалай ұйымдастырылады?



    • Көктемгі семестр қалай ұйымдастырылады?

       АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Баспасөз орталығы – Көктемгі семестр қалай өтеді? Оқу нендей форматта ұйымдастырылады? Қандай да бір өзгешеліктер бар ма?  Назар аударыңыз!

      Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы жылдың 6 қаңтар күнгі әдістемелік ұсынысына сәйкес Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде көктемгі семестр келесідей форматтарда өткізіледі:

      Бакалавриат бойынша:

      1 курс білім алушылары үшін оқу аралас форматта ұйымдастырылады;

      – Дәрістер онлайн түрде, ал семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып 40 проценттен аспайтын аудиториялардың толымдылығы бір білім алушыға кемінде 5 шаршы метр қамтамасыз етумен аралас форматта жүзеге асады;

      – 2 және 3 курс студенттері қашықтан оқиды;

      – бітіруші курс студенттері үшін оқу аралас форматта ұйымдастырылады;

      – «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша 1, 2, 3 және 4 курс студенттері күндізгі аралас форматта білім алады.

      Магистратура бойынша:

      1 курс магистранттары үшін теориялық оқыту аралас форматта ұйымдастырылады;

      – 2 курс магистранттары мен докторантура деңгейі бойынша білім алушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажеттілік түындаған жағдайда оқу аралас форматта жүзеге асады.

      Университет қабырғасында жүздескенше, достар!

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны:+7 727 237 00 07

      e-mail:kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: