Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жалпы рейтинг шықты



    • Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша жалпы рейтинг шықты

      АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Баспасөз орталығы – Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жоғары мектеп пен институттарының 2020 жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі:

      • 1-орын – Филология институты (жалпы балы: 693);

      • 2-орын – Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебі (жалпы балы: 581);

      • 3-орын – Жаратылыстану институты (жалпы балы: 521);

      • 4-орын – Педагогика және психология жоғары мектебі (жалпы балы: 467);

      • 5-орын – Өнер және менеджмент институты (жалпы балы: 248);

      • 6-орын – Тарих және шетел тілдері институты (жалпы балы: 139).

      Рейтинг қорытындысы 13 бағалау көрсеткіші бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру, ғылыми конференцияларды ұйымдастыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: