Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша оқытушылар рейтингі шықты



    • Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша оқытушылар рейтингі шықты

      АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Баспасөз орталығы – Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті оқытушыларының 2020 жылдың төртінші тоқсанындағы рейтингісі жарияланды.

      Сараптама нәтижесі:

      • 1-орын – Бибігүл Сұлтанова, Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры (75 балл);

      • 2-орын – Гүлбану Қаптағай, Физика кафедрасының аға оқытушысы (70 балл);

      • 3-орын – Нәзира Сәндібаева,  Физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры (61 балл);

      Рейтинг бағалауына 163 оқытушы қатысып, қорытындысы 11 көрсеткіш бойынша шығарылды. Олардың қатарында ғылыми бағыт бойынша атқарылған жұмыс, индекстелетін журналдар мен ғылыми басылымдардағы жарияланым саны, қорғауға алынған құжаттар, стартап жобаларды жүзеге асыру сынды басым бағыттар бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: