84 студент ғылыми зерттеумен айналысты



    • 84 студент ғылыми зерттеумен айналысты

      АЛМАТЫ. 12 қаңтар. Баспасөз орталығы – 2020 жылдың төртінші тоқсанында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 84 студенті ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, стартап жобалар байқауы мен пәндік олимпиадаларға қатысты.

      Осы тарапта жүргізілген талдау қорытындысына сүйенер болсақ, Өнер және менеджмент институтының 36, Физика, математика, цифрлық технология жоғары мектебінің 18, Жаратылыстану институтының 16, Педагогика және психология жоғары мектебінің 13, Тарих және шетел тілдері институтының 1 студенті халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар мен пәндік олимпиадаларға, сондай-ақ ғылыми байқауларға қатысқан.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: