Университет ректоры студенттермен кездеседі



    • Университет ректоры студенттермен кездеседі

       АЛМАТЫ. 13 қаңтар. Баспасөз орталығы – 14 қаңтар күні сағат 15:00-де Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова көктемгі семестрді ұйымдастыру бойынша оқу орны білім алушыларымен онлайн форматта кездесу өткізеді.

       Zoom платформасында ұйымдастырылатын басқосуда университет басшысы «көктемгі семестр қалай өтеді?», «оқу нендей форматта ұйымдастырылады?», «қандай да бір өзгешеліктер бар ма?» сынды сауалдарға егжей-тегжейлі жауап бермек.

      Идентификациялық нөмірі: 973 4751 00 25.

      Коды: 254 052.

       

      P.S. Білім және ғылым министрлігінің ағымдағы жылдың 6 қаңтар күнгі әдістемелік ұсынысына сәйкес Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде көктемгі семестр келесідей форматтарда өткізіледі:

      Бакалавриат бойынша:

      1 курс білім алушылары үшін оқу аралас форматта ұйымдастырылады;

      Дәрістер онлайн түрде, ал семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отырып 40 проценттен аспайтын аудиториялардың толымдылығы бір білім алушыға кемінде 5 шаршы метр қамтамасыз етумен аралас форматта жүзеге асады;

      2 және 3 курс студенттері қашықтан оқиды;

      бітіруші курс студенттері үшін оқу аралас форматта ұйымдастырылады;

      – «Хореография» білім беру бағдарламасы бойынша 1, 2, 3 және 4 курс студенттері күндізгі аралас форматта білім алады.

      Магистратура бойынша:

      1 курс магистранттары үшін теориялық оқыту аралас форматта ұйымдастырылады;

      – 2 курс магистранттары мен докторантура деңгейі бойынша білім алушыларға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажеттілік түындаған жағдайда оқу аралас форматта жүзеге асады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.co m 

      Бөлісу: