Университет оқытушылары авторлық куәліктерге ие болды

    • АЛМАТЫ. 15 қаңтар. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бір топ оқытушысы авторлық куәліктерге ие болды.

      Атап айтқанда, патенттерге Камеш Хамзина, Гүлнар Кусиденова мен Гаухар Байташева «Инновациялық технологиялар негізінде экологиялық білім беру үдерісін ұйымдастыруда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» және «Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру үшін, жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына, экология мәселелерін интеграциялау» атты мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған білім беру бағдарламалары үшін ие болып отыр.

      Айта кетейік, сыңғы жылдары Қыздар университетінің оқытушылары мен ғалымдары 30-ға жуық авторлық куәліктер мен өнертабыстық патенттерге ие болды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com