Халықаралық форум өтеді



    • Халықаралық форум өтеді

      АЛМАТЫ. 29 қаңтар. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Халықаралық білім күніне орай 2021 жылғы 10 ақпанда (сағат 14.00-де ҚР уақыты бойынша) «COVID-19 пандемиясы жағдайындағы білім беру жүйесінің болашағы» атты Халықаралық форум өткізеді.        

      Онлайн форматтағы жиынның мақсаты – пандемияның әлемдегі білім беру процесіне әсерін зерттеу, коронавирус індеті кезінде туындаған мәселелерден алған тәжірибелерді талқылау. Сонымен қатар COVID-19-дан кейінгі білім берудің бағытын өзгертуге ұсынылған сценарийлер мен стратегияларды зерттеу және талдау.

      Форумның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

      Баяндамалар мен тіркелуді қабылдау: 2021 жылдың 3 ақпанына дейін.

      Баяндамалардың электрондық жинағы www.kazmkpu.kz сайтында қолжетімді болады.

      Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050000, ҚР, Алматы қ., Әйтеке би көшесі 99, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Халықаралық  ынтымастық бөлімі, 128 каб.

      Телефон: (8-727) 237-00-50-4050,  е-maіl: academicmobility@bk.ru

      Форум бағдарламасын және секциялар бойынша спикерлер тізімін жүктеу үшін сілтемені басыңыз

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: