«Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Гүлнұр Ыбырай



    • «Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Гүлнұр Ыбырай

       АЛМАТЫ. 8 ақпан. Баспасөз орталығы – Гүлнұр Ыбырай – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Педагогика және психология жоғары мектебінің 1 курс студенті.

      Ол қандай жетістікке жетті?

      Гүлнұр Ыбырай – ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем Кубогының қола медаль иегері.

      Чемпионаттың деңгейі қандай?

      Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткен байрақты бәсекеге 61 мемлекеттен 400 спортшы қатысты. Ал Қазақстан атынан аталған жарыста бақтары мен баптарын сынауға 7 атлет жолдама алып, мүмкіндіктерін бағамдап көрді.

      Сайыс барысында Гүлнұр Ыбырай 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жалпы саны 197 ұпай жинады.

      Жарыстың финалында қазақстандық зілтемірші Мексика, Колумбия спортшыларымен кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Десе де ұпай санымен қарсыластарына жол беріп, үшінші орынға ие болды.

      Оның қандай мақсаты бар?

      – Ауыр атлетика – менің өмірімде маңызды рөл атқарады. Бұл спорт түрі маған мол білім мен тәжірибе жинауыма мүмкіндік берді. Менің ойымша, ауыр атлетиканың өзге сайыс түрлерінен ерекшеліктері жетіп артылады. Соның бірі – көрермендердің алдында әлемдік рекордтар мен тарихтар жасалып жатады. Бұл әсерді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, – дейді Гүлнұр Ыбырай.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: