«Turkiye Burslari» оқу бағдарламасы



    • «Turkiye Burslari» оқу бағдарламасы

      АЛМАТЫ. 17 ақпан. Баспасөз орталығы – «Turkiye Burslari» оқу бағдарламасы – Түркия мемлекетінің жанынан ашылған арнайы оқу бағдарламасы.

      Жыл сайын әлемнің 100 мыңнан астам білім қуған жастары бақ сынайтын озық бағдарламалардың бірі. «Turkiye Burslari» бағдарламасына тапсырған әрбір талапкер оқыту тілі ретінде ағылшын және түрік тілдерін таңдай алады. Бағдарламаға қатысу үшін түрік тілін білу шарт емес, ал егер сіз білімді ағылшын тілінде алғыңыз келсе, өзіңіз таңдаған университеттердің талаптарына сәйкес келетін сертификаттарды тапсыруыңыз қажет. Бағдарлама 2 кезеңнен тұрады.

      Бірінші кезең – онлайн түрде бағдарламаға құжаттарды тапсыру.

      Екінші кезең – сұхбаттасудан өту.

      Бағдарлама бакалавр, магистр, доктор және зерттеу жұмыстарын жүргізетін студенттерге арналған. Әр жылдың көктем мезгілінде бағдарламаға өтініш білдіре аласыз. Қатысу тегін. Ең бастысы, дұрыс дайындалған құжаттарды сауатты түрде толтыра білу.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: