Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді



    • Түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді

      АЛМАТЫ. 18 ақпан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 2-5 маусым күндері  «Ұлттық болмыс және тіл» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді.

      Сегізінші рет ұйымдастырылып отырған алқалы жиынның өтуіне бұл жолы Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті мұрындық болып отыр.

      – Дәстүрлі басқосудың мақсаты – әлемдегі білім және ғылым саласында түркі әлеміне қатысты зерттеу жасап жүрген ғалымдардың басын қосып, ғылыми бағытта пікір алмасуды қамтамасыз ету, жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашып, түркі әлемі әдебиеті мен мәдениетінің кеңеюіне ықпал жасау, – деп атап өтті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан.

      Шараға Қазақстан, Әзербайжан және Түркияның ғалымдары мен ізденушілері қатысып, бірнеше ғылым саласы бойынша мәселелерді ортаға салмақ.

      Симпозиум түбі бір түркі халықтарының өзара ынтымақтастығының нығаюын, әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың қамтамасыз етілуін көздейді. 

      Айта кетейік, Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Баку Еуразия университеті және М. Акмулла Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы алғаш рет Түркияның Өмер Халисдемир университетінде 2014 жылдың 18-21 наурыз күндері аралығында өткен болатын.

      Байланыс телефондары:

      +7 (727) 237 00 05; +7 (707) 663 69 19

      Қазақстан Хатшылығы

      +90 (388) 225 24 30; +90 (553) 023 05 73

      Түркия Хатшылығы

      +994 125 646 242; +994 504 441 421

      Әзербайжан Хатшылығы

      «Ұлттық болмыс және тіл» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумының ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

                                                                                                                                                                                

      Бөлісу: