«Smart Future» пәндік олимпиадасы өтеді



    • «Smart Future» пәндік олимпиадасы өтеді

       АЛМАТЫ. 18 ақпан. Баспасөз орталығы – Биылғы жылдың 25-26 ақпан күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Smart Future» атты ағылшын тілінен пәндік олимпиада өтеді.

      Білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттырып, олардың танымдық және шығармашылық қарым-қабілетін дамытуды мақсат еткен білім сайысы Тарих және шетел тілдері институтының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

      Олимпиада екі кезеңнен тұрады. Алғашқы іріктеу кезеңінде қатысушылар лексика-грамматикалық тест тапсырмаларымен, аудио мәтінмен және бейне материалмен жұмыс істейді.

      Алғашқы кезеңнен 80% нәтиже көрсеткендер екінші кезеңде арнайы ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап бермек.

      Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада Zoom платформасында өтеді және оған университеттің барлық студенттері қатыса алады.

      «Smart Future» пәндік олимпиадасының ақпараттық хатын мына жерден жүктей аласыз.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

                                                                                                                                                                                  

      Бөлісу: