Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары: №5



    • Инфо-дайджест: Аптаның айшықты оқиғалары: №5

      АЛМАТЫ. 19 ақпан. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 15 – 19 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

      15.02.2021

      – Студенттердің стипендиясы жыл сайын 20 процентке, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 10 проценте өседі.

      *****

      – Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжілісте Nur Otan партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті.

      *****

      – Педагогтардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе көтеріліп, 330 мың теңгеден асады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 пайыз өседі.

      *****

      – Сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастарға жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер беріледі. Бұл туралы Nur Otan партиясының парламенттегі фракциясының отырысында мәлім болды.

      *****

      – «Универіңді таны!» жобасы: «Аққу» бассейні.

       

      16.02.2021

      – «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Бейбіткүл Кәрімова.

      *****

      – Заманауи педагог кадрлар даярлауға бет бұрған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің өзіндік бірегейлігі мен отандық жоғары білім беру саласындағы өзіндік маңызын айшықтау мақсатында оқу орнының Баспасөз орталығы ғасырдан астам тарихы бар «Qazaq» республикалық газетімен бірлесіп «Қыздар университетімен таныс!» атты медиа жобаны қолға алды.

      *****

      – «Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Аян Тұрсын.

      *****

      – «Универіңді таны!» жобасы: «Ақтұмар» музейі.

      *****

      – Шетелдің жетекші жоғары оқу орнында білім алуды армандайсың ба? Ендеше мақсатқа қол жеткізу оңай. Біз бүгін білімін жетілдіруге ниеттенген жастар үшін Қазақстандағы бірнеше бағдарлама мен стипендияларды назарларыңызға ұсынамыз.

       

      17.02.2021

      – «Болашақ» – Қазақстан Республикасының Президентінің білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарламасы.

      *****

      – «Turkiye Burslari» оқу бағдарламасы – Түркия мемлекетінің жанынан ашылған арнайы оқу бағдарламасы.

      *****

      – «Фулбрайт» – бүгінгі таңда әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі.

      *****

      – «Эразмус+» – Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіптік оқыту, жастар саясаты және спорт жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған бағдарламасы.

       

      18.02.2021

      – «Тәуелсіз Қазақстан: жасампаздық тарихы және мемлекеттілікті нығайтудың өзекті мәселелері». Осындай атаумен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйытқы болуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

      *****

      – 2021 жылғы 2-5 маусым күндері  «Ұлттық болмыс және тіл» атты Халықаралық түркі әлемі зерттеулері симпозиумы өтеді.

      *****

      – Биылғы жылдың 25-26 ақпан күндері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Smart Future» атты ағылшын тілінен пәндік олимпиада өтеді.

       

      19.02.2021

      – 15.02.2021 – 19.02.2021: Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті туралы жарық көрген имидждік жарияланымдар.

      *****

      – 2021 жылғы 15 – 19 ақпан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

      *****

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз хатшысы – баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Жандар Асан БАҚ пен әлеуметтік желілерге және оқу орнының ресми сайтына апталық мониторинг жасады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: